Аймақтар • 21 Қараша, 2017

Павлодарда жол ақысы қымбаттайды

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда қыстың алғашқы күні 1 желтоқсаннан бастап қоғамдық көліктердегі жолақысы 80 теңге болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Павлодарда жол ақысы қымбаттайды

Бұл туралы қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында белгілі болды. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Асылбековтың айтуынша, елімізде орта есеппен жол ақысы 79 теңгені құрайды.

«Еліміздегі 15 қаланың бесеуінде жолаушыларға жеңілдіктер қарастырылған. Солардың ішінде ең көп 15 топтың өкілдеріне жеңілдіктер жасаған Павлодар ғана. Бүгінгі таңда жанармай мен көлік саймандарының қымбаттауы тасымалдаушыларға ыңғайсыздық тудырып, шығын келтіріп отыр. Осыған байланысты біз жолақысын 70 теңгеден 80 теңгеге көтеру жөнінде ұсыныс білдірдік. Дауысқа салған 20 депутат жолақысын көтеруге біржақты келісім берді. Алайда тасымалдаушыларға келесідей талаптар қойылды: 15 топ өкілдеріне 50 пайыздық жеңілдіктерді сақтау, жолаушылардың ыңғайлылығы үшін қоғамдық көліктердің жүру интервалын ретке келтіру және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - дейді Марат Асылбеков.