Қазір Тархан орманшылығындағы стационарлық бекетте құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып тәулік бойы кезекшілік қойылған.
Бұдан бөлек жас өскіндердің заңсыз кесілуіне жол бермеу үшін арнайы 5 мобилді топ құрылған. «Биыл 1 ақпанынан бастап қылқан жапырақты ағаштарды қиюға тыйым салынғандықтан жаңажылдық шыршаларды дайындау көлемі едәуір азайды. Шыршалар тек мәдени-бұқаралық шараларға облыстық табиғи ресурстар басқармасының рұқсатымен заң аясында беріледі», дейді Өскемен орман шаруашылығының орманды қорғау және сақтау жөніндегі инженері Нұрлан Сәттібаев.
Жаңажылдық шыршаларды тасымалдаушыларда тиісті құжаттарының болуы да қатаң бақылауға алынған. Орманды заңсыз отаушыларға қолданылар жаза күшейтілген. Мәселен, заңсыз ағаш кесушілерге – 300, ал үйіне шырша орнатуға үйір жандарға 15 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы