Алматы • Бүгін, 09:47

Алматыда нан бағасы бекітілді: Бір бөлке нан қанша теңге тұрады?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда әлеуметтік маңызы бар нан бағасын тұрақтандыру мақсатында «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «Алматынан» нан-тоқаш комбинаты арасында келісім жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда нан бағасы бекітілді: Бір бөлке нан қанша теңге тұрады?

Құжатқа сәйкес, кәсіпорын 3,8 миллионнан астам бөлке нан өндіріп, оны 130 теңге көлеміндегі бағамен сатуға міндеттелді. Бұл ретте сауда үстемесі 15 пайыздан аспауға тиіс.

Сонымен қатар кейбір сауда желілері мен шағын дүкендер әлеуметтік нанды үстемеақы қоспай, тікелей босату бағасымен сатуы мүмкін.

Қала әкімдігінің мәліметінше, әлеуметтік нанның бекітілген бағасы 2027 жылдың мамырына дейін сақталады. Оны ірі сауда желілерінен және үй маңындағы дүкендерден сатып алуға болады.

Айта кетейік, Алматыда заңсыз сауда нысандары жаппай сүріліп жатыр.

Биыл Алматыға газбен жүретін 500 автобус пен электробус сатып алынады.

Соңғы жаңалықтар