Фото: ашық дереккөз
«Әл-Фараби» шаруа қожалығы егістіктен 65 тонна қауын жинады. Алғашқы өнімін жинаған диқандар биыл егіс алқаптарына судың тұрақты жеткізілгеніне риза.
«20 гектар жерге қауын ектік. Су жеткілікті болды, ешқандай тапшылық көрген жоқпыз. Су үздіксіз берілді. Уақытылы суарудың арқасында мол әрі ерте өнім алып отырмыз», дейді шаруа қожалықтың төрағасы Әл-Фараби Анарбайұлы.
