Аймақтар • 23 Қараша, 2017

Шолаққорған-Шымкент тас жолының бойына жыңғыл отырғызылды

1780 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Созақ ауданында Шымкенттен қатынайтын жол бойына 20 мыңға жуық жыңғыл көшеті отырғызылды, деп хабарлайды «Egemen.kz» тілшісі.

Шолаққорған-Шымкент тас жолының бойына жыңғыл отырғызылды

Жалпы, Шолаққорған-Шымкент тас жолы қыстың күндері қар басып, көліктерге үлкен тосқауыл болады. Бұтақтары ұйысқан көдедей болып өсетін жыңғыл жазда құмды дауылға, қыста-қалың қардан қорған.

Созақтықтар сенбілікке шығып, Шолаққорғаннан Жартытөбеге дейінгі аралықта үш қатар жыңғыл екті. Көшеттерді суаруды «Созақ сәулет» коммуналдық кәсіпорыны мойнына алған. Алда Созақ ауданының 90 жылдық мерейтойы келе жатыр. Аудан тұрғындары мерекеге дайындық мәселесін жол бойын абаттандырумен бастап отыр.

 

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35