Президент • 23 Қараша, 2017

Елбасы Кәсіподақтар федерациясының жаңа төрағасын қабылдады

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Кәсіподақтар федерациясының жаңа төрағасын қабылдады

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Әбдірайымды Кәсіподақтар федерациясының төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтап, оның жаңа қызметіне табыс тіледі. «Сіз көптеген қызмет атқардыңыз. Ректор да, министрдің орынбасары да болдыңыз. Құқық қорғау, әділет органдарында, Жоғарғы сотта еңбек еттіңіз. Заң саласындағы біліміңіз бен тәжірибеңіз мол», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы кәсіподақтар еңбек қатынастарын реттеуде және еңбеккерлер мен жұмыс берушілер арасында сындарлы диалог орнатуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.