Онда Қ. Қожамжаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет офицерлеріне Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жеткізді. «Біздің міндет – қоғам өмірінің барлық салаларында жемқорлықпен тиімді күресуді қамтамасыз ету», деді Қ. Қожамжаров.
Сондай-ақ төраға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиімді жұмыс атқаруына қажетті жағдайы мен құралдары бар екенін атап өтті. Басым міндеттерге қылмыстық тізбектің барлық құрамын, яғни орындаушыдан ұйымдастырушыға дейін әшкерелеу қойылды. «Елбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жемқорлық көріністерін кім жасаса да, онымен қатал күресуді міндет етіп қойды», деді ол.
Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді. Осы бағытта Ұлттық бюроға бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына бақылауды күшейту тапсырылды. «Мемлекеттің ұрланған қаражатын толығымен өндіруді қамтамасыз ету керек. Ол үшін айыпты тұлғалардың мүлігіне тыйым салу және шетелдегі заңсыз активтерін анықтау мәселелері маңызды. Мемлекет есебінен заңсыз байыған бірде-бір тұлға, ұрланған қаражатты не Қазақстанда, не шетелде пайдалануға мүмкіндігі болмауы тиіс», деді төраға.
«Егемен-ақпарат»