Өз басым бұл кісінің ұл-қыздарын және олардан тараған үрім-бұтағын өте жақсы білемін. Қазақша бір ауыз сөз түсінбейді. Үлкен қызы университетте бізбен бірге оқыған. Әрине, орыс тобында. Одан туған жиендері қазір шетелдерде білім алып жатыр. Ағылшыншасы судай, ал қазақшаға келгенде мүлде мақұрым...
Аздан соң академик ағамыз үйіне барып, табалдырықтан аттаған сәттен бастап өз тілін «ұмытады».
Сонда қалай болғаны деймін ғой. Бұл кісі ана тіліміздің бүгінгі аянышты халін біз білмейді деп ойлай ма екен?..
Кенет қарап отырмай, қасымдағы қаламгер ағамыздың құлағына сыбырлап:
– Кімге айтып тұр? – деп сұрадым.
Ағамның түсі лезде бұзылып, маған көзінен от шаша қарап:
– Түсінбей отырсың ба? – деді зілденіп. – Оның ойынша, қазақ тілі мына бізге ғана керек!..
Нұрғали ОРАЗ,
«Егемен Қазақстан»