Қазақстан • 26 Қараша, 2017

Маңғыстауда жол апатынан 9 адам қайтыс болды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында жол апатынан 9 адам қаза тауып, 27 адам жарақаттанды. Соның ішінде 3 бала түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Ал 8-і ауыр халде.

Маңғыстауда жол апатынан 9 адам қайтыс болды

«Газель» мен тепловоз  соқтығысқан жол апаты Маңғыстау жол бөлігінің Өзен-Болашақ теміржол өткелінде болған. «Газель» көлігінде 36 жолаушы болған, деп жазады inform.kz. Тепловоз машинисі 60 км/сағ жылдамдықпен келе жатып жолдағы автокөлікті көріп тежегішті шұғыл басады. Алайда, қарқынды жылдамдықпен келе жатқан тепловоздың тоқтауға мүмкіндігі болмайды.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір көз жұмғандар мен зардап шеккендердің кім екендігі анықталып жатыр.

 «Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат бере алмаймыз», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Жазира Әбіл.

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18