Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған 200 орындық облыстық кең бейінді балалар клиникалық ауруханасы халықтың игілігіне қызмет етуде. Мұндай осы заманғы медициналық қондырғылармен жабдықталған, алуан түрлі операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, шетелдік аппараттармен жарақтандырылған, барлық жағдай жасалған бірегей аурухана еліміздің батыс өңіріндегі бірден-бір емдеу орны.
Облыс орталығының қарқынды дамып келе жатқан ауданына орналасқан нысанның құны бюджетке 5570 млн. теңгеге түсті. Төрт қабатты аурухананың бас корпусы 25744 шаршы метрді алып жатыр. Аурухана төрт блоктан тұрады. Бірінші блокта стеризациялау, гематология, кардиология, пульманология, аллергология, нейрожарақат, емдеу-диагностикалық, екінші блокта жан сақтау, функционалдық диагностика және бактериялық зертхана, ал үшінші блокта сәулелік диагностика, эндокринология, нефрология, урология, жалпы хирургия және операциялық бөлімшелер орналасқан.
Мұнда барлық ауруларды емдеудің мүмкіндігі мол. Бөлімдер біздің елімізде теңдесі жоқ қондырғылармен жабдықталған. Ауруханада АҚШ-тың «General Electric» фирмасының 64 кесінді (срез) компьютерлік томографы орнатылған. Сондай-ақ, Жапонияның «Medical Systems» магниттік-ядролық резонанстық томографы жұмыс істейді. Мұндай бірегей қондырғы облыста екеу ғана, ал біріншісі ересектер үшін қызмет көрсетеді. Урологиялық ауруларға операция жасайтын және жаңа туған балалар үшін бейнеэндоскопиялық кешендермен жарақтандырылған. Бұл қондырғы балаларға нейрохирургиялық операция жасауға мүмкіндік береді. Мұнда екі бассейн және балшықпен-сумен емдейтін орын бар. Медициналық газбен қамтамасыз ету жүйесінің, медициналық қондырғыларға қызмет көрсететін инженер-техниктер, сондай-ақ нейрохирург пен ЛОР дәрігер кәсіби даярлықтан өткен. Аурухана дәрігерлермен және медбикелермен толық қамтамасыз етілген. Медициналық газ әр кереуетке тікелей жеткізілген, кислород, көмірқышқыл газы, сығымдалған ауа беру жүйесі жұмыс істейді. Операциялық және жарақатты таңу бөлімдеріне тазартылған ауа қысыммен беріледі.
Осындай бірегей аурухана тек өңір балаларын ғана емдеп қоймайды, көршілес облыстардың денсаулығы нашар бүлдіршіндерін де қабылдауда. Сырқат балалар осындай бірегей аурухананың игілігін көріп, ауруларына шипа табуда.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ.
Ақтөбе облысы.

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше