Тұңғыш Президент: іргелі ұйыммен – озық отыздыққа

Бірнеше жыл бұрын біздің күнтізбемізде жаңа мереке – Тұңғыш Президент күні пайда болды. Бүгінде ол өмірімізге берік және үйлесімді түрде еніп кетті. Оны тек таза ресми сипатта ғана емес, үй ішінде, қонақжай дастарқан басында атап өтетін болдық. Халық мерекені ұнатып қана қоймай, оның мәнін де ұғып, құп алды. 

Егемен Қазақстан
27.11.2017 1095
2

Бір нәрсе анық: қазақ­стандықтар өз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сенеді, оны қолдайды және соңына ереді. Көшбасшымыздың біре­гей болмысы жөнінде көп жазылды және айтылды. Алай­да қазақтың даналық сөзіне сүйенсек «Жақсы тілектің шегі бол­майды». Болашақта да жақсы лебіздер мен ақ тілектер ағыны үзіл­мек емес, өйткені біздің Пре­зи­дент – нағыз өз елінің перзенті.

Жыл өткен сайын Мемлеке­т басшысының алып тұл­ғасының ауқымдылығы бізге айқынырақ сезіле түсуде. Бас­қаша айтқанда, таулар алыстаған сайын биік көрінеді.

Оның сара басшылығымен халық қаншама тағдыршешті және ғаламат істер атқарды. Бәрін санап шығу мүмкін де емес. Бірақ ойымды жүйелі жеткізу үшін солардың өзім ең ауқым­дылары деп білетін бір­нешеуін атап өткім келеді.

Жаңа мемлекет үшін қажетті барлық негіздер қаланды, бұл – Бірінші жаңғыру.

«Қазақстан-2030» стратегия­сы қабылданып, Астана салынды, ол – Екінші жаңғыру.

Бүгінде еліміз Ұлт жоспарын іске асыра отырып, Үшінші жаңғыруды бас­тап кетті.

Менің ойымша, кез келген қазақстандық бұл тізімді өз қалауынша толықтыра алады.

Өткен жылдардың ең басты қорытындысы – заманмен иық теңестіре алға басқан демо­кра­тиялы және зайырлы мем­ле­кет­тің құрылғаны. Қазақстан қазір­гі кезде бүкіл әлемге танымал, сыйлы, соның нәтижесінде біз­бен араласқысы келетіндер көп.

Біздің қоғам кеңестің шек­пені­нен шықты. Сондықтан көп­шілік сол кездегі әлеумет ара­сында көзінің тірісінде-ақ бүкілхалықтық символға ай­налған және ешқандай басы ар­тық үгіт пен насихатқа зәру­лік көрмеген бір адамның бол­ғанын, сірә, ұмытпаған шығар. Бізде де бүгін шамамен сондай жайт қалыптасып отыр. Кеңестер елінде ондай адам әлем­­дегі Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин еді. Ал Қазақ­стан Республикасында елдің жал­­­пы­ұлттық символы – Тұң­ғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің Президентіміз – заманауи тұлға, бұл қазақстан­дықтардың бәріне белгілі. Керемет зияткерлігі мен терең ойының арқасында ол үнемі алдымызға аса ауқымды әрі уақыттан озып тұрған міндеттер қоя біледі. Ең бастысы оның шешімдері әрдайым жаһан­дық инновациялық үрдістер­мен үндесіп жатады. Әлемдегі ең үздік атаулыны көре отырып, Көшбасшымыз одан да ілгерілеп, дамудың жаһандық теория мен практикада бұған дейін болмаған жаңа жолдарын ұсынудан танған емес.

Бірнеше жыл бұрын көр­некті Венесуэла экономисі, Дү­ниежүзілік банктің бұрынғы ат­қарушы директоры Мойзес Наим әлемдік айналымға көптік, жеделдік және ментальділік революциясы ұғымын енгізді.

Бүгінде адам бұрынғыдан ұзақ өмір сүреді. Жұрттың ден­саулығы мықтырақ болуға ай­нал­ды, басты қажеттіліктері жал­пы өтеулі. Бұл – көптіктің мәні.

Жеделдік жаһанданудың қарқынды үдерістерінен туындауда. Ол көші-қонның, урба­низацияның ұлғайып, байла­ныс тәсілдерінің, әсіресе ин­тернеттің дамуынан көрініп отыр.

Ал енді құндылықтардың, стандарттар мен нормалардың түбірімен өзгеруін білдіретін ментальділікке келейік. Ол мен­шік құқығының, әділет­тіліктің және мемлекеттік органдардың ашықтығының маңыздылығын айшықтайды.

Жалпы, бұл революция­лар­дың негізгі факторлары – өзіміз айтып өткен жаһандану, урбанизация және оған қоса әлемдік экономикада жаңа салалардың пайда болуы, сондай-ақ ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде ағылшын тілінің кең таралуы.

Біздің Президент әлемдік саяси-экономикалық дискурс­ты керемет біліп қана қоймай, жаһандық прогрестің даңғыл жолдарын да алдын ала көре отырып, Қазақстанды жаңа биік белестерге батыл да тиімді бас­тап келеді.

Қашанда біздің алыс және таяу келешекке арналған өз жос­парымыз бар. Ең басты­сы, біз ағым­дағы нақты жағдайға орай ой­ларымызға өзгеріс енгізіп оты­­рамыз. Еліміз бүгінде «Қазақ­стан-2050» стратегия­сын жүзе­ге асыруда. Басты мақ­сат­қа жету­дің – әлемдегі озық 30 мем­ле­кет­тің қатарына қосы­лудың ай­қын бағдары дайын, ол – Ұлт жоспары.

Жан-жақты жаңғырудың бас­ты бағыты – экономиканың бар­лығын қамтитын дамуы екен­дігі сөзсіз. Ол шикізаттық бағыттан біртіндеп бас тарту қағидатын ұстануға негізделеді. Бұл ретте нақты мақсат – бәсекеге қабі­летті адами капиталды басы­мырақ дамыту негізіндегі ғы­лыми қамтымды экономика құру міндеті қойылды. Негізгі триг­гер – цифрлы Қазақстанды ныса­на еткен инклюзивтік бағыт ар­қылы инновациялық индус­т­рия­лан­дыруды жүзеге асыру.

Мемлекет басшысының Эко­но­микалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіру бағыты жөніндегі шешімі жоғары деңгейдегі мемлекеттік менеджменттің тамаша үлгісі болып табылады.

Қазіргі уақытта әлемде әртүр­лі интеграциялық мемлекет­аралық бірлестіктер бар. Алайда солардың ең қуатты әрі негізгісі – нақ осы ЭЫДҰ.

Алдымен аталған альянстың тарихы туралы бірер сөз айта кетелік. Ол Америка мен Кана­даның Еуропа елдеріне белгілі Маршалл жоспары аясында көрсететін көмегін үйлестіріп келген Еуропа экономикалық ынтымақтастық ұйымының базасында 1961 жылы құрылды.

ЭЫДҰ миссиясы ұйымның «Best policies for better life» («Жақсы өмірге арналған үздік саясат») деген ұранында көр­се­тіл­гендей, бүкіл әлемдегі адам­­дардың әлеуметтік-эконо­мика­лық әл-ауқатын жақсартуға ба­ғыт­талған саясатқа септесуге саяды.

Бүгінде ЭЫДҰ 35 елдің, со­ның ішінде ЕО мемлекет­тері­н­ің көпшілігінің басын бірік­тіріп отыр. Әлемдік ІЖӨ-нің 60%-ы соларға тиесілі. Ұйым құ­ры­лымында 250-дей комитет, жұмыс және сарапшы топтар бар.

Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы Еуразия бәсекеге қабілеттілік бағдарламасына (ЕББ) қосылу арқылы 2010 жылы басталды. 2015 жылы 2015-2016 жылдарға арналған Ынтымақтастықтың елдік бағдарламасына қол қо­йыл­ды. Қазіргі таңда оның 2017-2018 жылдарға арналған екінші раунды орындалуда.

Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәйкес, Кеңес Үшін­ші жаңғыру аясында ЭЫДҰ-ның үздік тәжірибесі мен ұсынымын енгізу үшін Жол картасын бе­кіт­ті. Ол 535 ұсы­ным­нан тұрады.

Бүгінде Қазақстан ұйымның 34 жұмыс органына қатысады. Біз Мемлекеттік басқару, қор­шаған ортаны қорғау, цифр­лы экономика, индустрия, инно­­­вациялар мен кәсіпкерлік, ғылы­­ми және технологиялық сая­сат жөніндегі комитеттер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желі комитеті, т.б. тәрізді құры­лым­дарда бармыз.

Қазақстан экономикасы 2017 жылдың басынан бері қалыпқа келу өсімінің траекториясына енді. Бұған Ұлт жоспары, От­ба­сы­лық және гендерлік сая­сат­тың 2030 жылға дейінгі тұжы­рым­­дамасы, Қазақстанның 2025 жыл­ға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жобасы және т.б. мемлекеттік бағдарлама­­лық құ­жат­тарда жүзеге асырыл­ған ЭЫДҰ-ның стандарттары мен ұсы­нымдары айтарлықтай ықпал етті.

Республикада елдік бағдар­ламаны іске асыруға арналған инс­титуционалдық шектер қа­лыптас­тырылған. Премьер-ми­нистр төрағалық ететін, ЭЫДҰ-мен өзара іс-әрекет жө­нін­­­дегі үйлестіру кеңесі жұмыс іс­те­й­ді. Мемлекеттік орган­дар­дың ЭЫДҰ хатшы­лығы­мен және оның жұмыс органдарымен бірлескен жұмысын қам­та­ма­сыз ету үшін Парижге – Қазақ­стан ел­ші­лігіне арнаулы өкіл жіберілді.

Елдік бағдарлама аясын­дағы жұмыстың бірінші бағыты – ұлттық заңнама нормаларын ЭЫДҰ стандарттарымен және қағидаттарымен сәйкестендіру. Қазақстан қазірдің өзінде ұйым­ның 14 құқықтық тетігіне қосыл­ды. Оның арасынан Жасыл өсім туралы декларацияны; Ха­лық­­аралық инвестициялар мен көп ұл­т­ты кәсіпорындар туралы деклара­цияны; Кеңестің Жұ­мыс­пен қамту, білім беру және кәсіп­керлік саласындағы ген­дер­лік теңдік мәселелері жөнін­дегі ұсынымын атап өтуге болады.

Ынтымақтастықтың екін­ші бағыты – ЭЫДҰ құрылым­дарының жұмысына қатысу. Жұмыс органдарына қатысу аясын кеңейту бағытымен мақ­сатты жұмыс жүргізілуде. Ынты­мақтастықтың 3 жылы ішінде Парижге 30 шақты делегация жіберілді. Осылайша Қазақ­стан ұйымның жаңа құқықтық базасының әзірлену үдерісіне қатысуға бірегей мүмкіндік алдық. Жақында ғана, қазан айында біздің елге ЭЫДҰ-ның Бас хатшысы Анхель Гурриа келіп кетті. Ол Қазақстан басшылығының өкілдерімен кездесіп, ЕББ аясындағы бас­ты оқиға – Алматыда өткен «Еуразия апталығына» қатысты. Мұндай ауқымды іс-шараның өткізілуі елімізде іске асырылып жатқан озық реформаларға әлемдік қоғамдастықтың назарын аударуға септігін тигізді.

Үшінші бағыт – елдік шолулар ұйымдастыру, олардың аясында Қазақстандағы рефор­маларға ЭЫДҰ елдері стан­дарт­тары мен үздік тәжіри­белеріне қатысты салыстырмалы талдау жүргізіледі. Талдау нәтижесіне орай нақты ұсынымдар әзірле­неді. 8 басым­дық бойынша барлығы 13 шолу өтті.

Бірінші басымдық – эконо­микалық өсімге жағдай жасау және Қазақстан экономикасының орнықтылығын арттыру. Бұл үшін Қазақстанның кешенді елдік шолуы жүргізілді. Ұсы­нымдар экономикалық өсімнің жаңа моделін әзірлеу барысында пайдаланылып, елдің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жос­пары жобасында ескерілді.

Екінші басымдық – мемле­кет­тік басқару және институ­цио­налдық реформалар. Әсіре­се мемлекеттік басқару құры­лымын жетілдіруді көздейтін функционалды шолу жүргізу өзекті жайтқа айналды. Осы мақ­сатпен «Мемлекеттік қыз­мет туралы» жаңа заң қабыл­данды, мемлекеттік қызмет­ші­лерді іріктеудің үш сатылы жүйесі енгізілді. Қызмет көрсетушілермен тікелей байланыссыз жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтер саны арта түсуде. Бүгінгі таңда 47%-дан астам қызмет онлайн режімі арқылы, 24%-ы «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегия қабылданды.

Үшінші басымдық – бәсекеге қабілеттілік және бизнес-ахуал. Қолайлы бизнес-ахуал қалып­тастыру мен әкімшілік кедер­гілерді жоюдың маңызы зор. Жыл соңына дейін 15 кодекс пен 103 заңға өзгерістер мен то­лықтырулар енгізетін бір­ың­ғай заң қабылдау көзделуде. Эко­номикадағы мемлекет үлесін ІЖӨ-нің 15%-ына дейін азайту мақсатымен 2018 жылдың соңына дейін межеленген Жеке­шелендірудің кешенді жос­пары іске асырылуда. Жеке­ше­лендіру үдерісі аясында 903 кәсіп­орынды өткізу жөнінде ше­шім қабылданды. Yellow Pages қағи­дат­тарын заңнамалық тұр­ғы­дан бекіту мемлекет үшін эко­но­микадағы қызмет түрлерін 47%-ға (652-ден 346-ға) дейін қысқартты.

Төртінші басымдық – өңір­лерді дамыту. Жергілікті өзін өзі басқарудың тәуелсіздігін қам­та­масыз ету мен олардың бюд­жеттерін түзу ісін демократия­ландыру – ЭЫДҰ-ның негізгі қағи­даттарының бірі. Бұл қағи­даттар жергілікті басқаруды жетіл­діру мәселелеріне қатыс­ты таяудағы заңнамалық өзгеріс­термен толық бірлестіре жүйе­ленді. Аталған институтты қа­лып­­тастыру бағытындағы ауқым­ды жұмыс басталып кетті. Тұр­ғын­д­ардың рөлін нығайту ма­қсаты­мен 97% деңгейінде елді мекендер әкімдерінің сайлан­балы­лығы әдісі енгізілді. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап тұр­ғын­дарының саны 2 мыңнан аса­тын өңірлерде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерде дербес бюджет енгізіледі.

Бесінші басымдық – денсау­лық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік интеграция. Денсаулық сақтау жүйесі бо­йынша шолу өткізілді. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу басталып кетті. Ұлттық скри­нинг бағдарламасы жұмыс істеп жатыр. 2016 жылы ересектер мен балаларға 11,1 млн скри­нинг-тексеріс жасалды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оған 400 мыңнан астам адам қа­тысты. Елде жұмыс­сыз­дық дең­гейі соңғы жылдары 5% мөл­шерінде сақталып отыр.

Алтыншы басымдық – білім беру және біліктілікті арттыру. Оқу бағдарламаларын, білім беру стандарттарын, сыни тұрғы­дан ойлау қабілетін жетіл­діруге, өздігімен ақпарат іздеу машы­ғын қалыптастыруға, IT-білім жинауға бағдарлау жұмысы бас­талды. Білім беру үдерісін және барлық деңгейдегі білім беру контентін ауқымды түрде цифр­ландыру жұмысы жүргізілуде. Мектептерді интернетпен қамту 93%-ға жетті. Үштұғырлы тіл саясаты және ағылшын тілін жүйелі оқыту әдісі енгізіліп жатыр. Қазақ әліпбиін латын қарпіне кезең-кезеңмен көшіру жоспарланып отыр. ЮНЕСКО-ның «Білім беруді дамыту индексі» бойынша Қазақстан 10 жыл бойы әлемдегі 100-ден аса мемлекеттің арасынан үздік сегіз елдің қатарында келеді.

Жетінші басымдық – қорша­ған орта. Біздің еліміз баламалы және жаңартылатын электр энергиясын пайдаланудың үлесін 2050 жылға қарай 50% деңгейіне жеткізуге бағытталған «жасыл» экономика тұжырымдамасын қабылдады. Сонымен қатар Қазақстан Париж келісімін ратификациялады, ауаға тарайтын парниктік газ мөлшерін 1990 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай 15%-ға азайту жөнін­де міндеттеме қабыл­дан­ды. Республика 2016 жылға қарай ЭЫДҰ-ның «жасыл өсім» жөнін­дегі декларациясына қо­сыл­ды және «Әрекеттердің жа­сыл платформасын» іске қосты.

Сегізінші басымдық – статистика. Ұлттық статистика жүйесін нығайту мақсатымен Қазақстан отандық статис­тика стандарттарын ЭЫДҰ стандарттарымен сәйкестендіру жұмысын жалғастыруда. «Ұлт­тық есепшоттар жүйесін ен­гізу», «Эко­номикалық-экология­лық есеп­ке алу жүйесін енгізу» және «жасыл өсім» мен орнықты даму жөніндегі индикаторларды енгізу» жобалары бойынша жұ­мыс жүргізілуде.

Қысқаша айтқанда, Қазақ­стан әлемдегі дамыған ел­дер­дің ең қуатты халықара­лық эко­но­ми­ка­лық ұйымы­на ену жо­лын­да, міне, осын­дай ауқым­­ды жұмыс атқаруда. ЭЫДҰ-ға қосылу – күрделі үдеріс, Оңтүстік Кореяның тәжірибесінің көрсетуінше, ол 10-нан 20 жылға дейін уақыт алуы мүмкін. Алайда бір нәрсе анық: әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекетінің біріне айналу үшін ұйымның экономикадан бастап әлеуметтік-мәдени өлшемдерге дейін стандарттары мен практикасына сай болуы керек.

Бүгінде елдің ЭЫДҰ-ға кіруі жө­ніндегі шешімінің әбден дұрыс­тығы күмәнсіз. Кей­де ең қиын істің, түптеп кел­генде, мүлде оңай болып шыға­тыны мәлім. Алайда айдай анық осы ақиқаттың сыртын­да ойлау жүйесінің кең ауқы­мы мен тереңдігі тұр. Біздің Пре­зи­дент тек күн тәртібін түзіп және шешім қабылдап қана қой­майды, ол, ең бастысы, алға қойыл­ған мақсаттарға қол жеткізу жол­дарын да айқындап береді.

«Қазақстан-2050» стратегиясы – жоғары мемлекеттік пилотаждың нақ сондай жарқын мысалы. Басты міндетті шешу үшін Елбасы ЭЫДҰ елдерінің стандарттары мен тәжірибесіне сәйкес әзірленген Ұлт жоспарын қабылдап отыр. Бұдан әлемдегі дамыған мемлекеттер тобына қосылу – ЭЫДҰ мүшесі болу деген аксиомалық формула келіп шығады. Бұл шешім – Тұңғыш Президенттің қуатты зияткерлік парасат-пайымының айшықты айғағының бірі.

Кезінде Нобель сыйлығының лауреаты, австриялық әлеумет­ші-ойшыл Элиас Канет­ти айна­лымға жалпылық символдар теориясын енгізген еді. Аталған концепт бойынша, кез келген ұлттың өзінің жалпылық символы бар. Ол сол елге тән сипат­тарды бойына жинақтайды.

Мәселен, Англия. Ағылшын­дар үшін теңіздің қандай орны бар екенін бәрі біледі. Теңізді бағындыру арқылы Британия бір кезде әлемнің ең қуатты империя­сына айналды. Оларға теңізден асқан нәрсе жоқ. Ал теңіз қой­науы үнемі қауіп-қатерге толы болғандықтан, тұманды Аль­бион тұрғындары өмірде қауіп­сіздік пен тұрақтылық іздеумен келеді.

Еуропаның тағы бір негізгі елі Германияға қатысты алсақ, олардың жалпылық символы – әскер. Бұл ретте әскер немістерге әрдайым сап түзей жылжып келе жатқан орман сияқты көрінетіндей. Германдықтар – орман тұрғындары, сондықтан олардың мінез-құлқынан дәлдік, мұқияттылық және тәртіптілік айқын аңғарылып тұрады.

Кәрі құрлықтағы ұлттарға қа­тысты талдау жүргізгенде, сірә, француздарды назардан тыс қал­дыруға болмайтын шы­ғар. Олар­дың жалпылық сим­­волы – бостандық, теңдік және бауыр­л­астық. Жыл сайын атап өті­ле­тін Бастилияны басып ал­ған күн еркін ойлы және бір­бет­кей фран­цуздардың мінез-құл­қы­­н­а бедерлі белгі-таңбасын қалдырған.

Күні кешеге дейін Қазақ­станның мұндай жалпылық символы болған жоқ. Елбасы 2015 жылғы 11 қыркүйекте Қазақ хан­дығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында: «Біздің қасиетті жерімізді ежелден Ұлы Дала, ал біздерді – Ұлы Дала ұрпағы деп атады. Біз өз тарихымыздың жаңа Шам­шырағын жақтық! Сон­дық­тан бүгінде және әр кезде де біздің Қазақстан – Ұлы Дала Елі! Ол – түлеген Ұлы Дала Елі», деді.

Осынау даналық ойдан біз­дің Тұңғыш Президенттің жаһан­­дық деңгейдегі мемлекет қайрат­­кері, саяси және рухани көшбас­­шы ретіндегі аса зор зияткер­лік әлеуеті тағы да анық аңдалды. Нұрсұлтан Назарбаев заманауи жаңа мемлекеттің – Қазақстан Республикасының негізін салушы ғана емес. Ол әлемдік инклюзивті тезаурус қатарына – тұтас тілдік қорға айшықты, анық естілетін және мәні терең концепт-атауларды қосты, олар: Астана, Бәйтерек, Ұлы Дала Елі. Тұңғыш Президент Қазақ­стан­ның киелі символына айналды.

Бүгінде еліміз алдағы мере­ке­ні жаңа жетістіктермен қарсы алғалы отыр. Экономика өсімі 10 айдың қорытындысы бойынша 4% болды. Ауыл еңбеккерлері 22 млн тоннадан астам астық жинады. Астана ЭКСПО-2017 жаһандық жобасы сәтті жүзеге асырылды. Қазақстан БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі жауапты міндетін батыл атқаруда.

Ел алдында жаңа белестер, жаңа көкжиектер, жаңа жеңістер күтіп тұр. Біз жан аямай еңбек етіп келеміз, сондықтан табыс та бар, көтеріңкі көңіл күй де бар.

Келе жатқан Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Прези­денті күнімен, құрметті отан­дас­тар, баршаңызға жаңа жетіс­тіктер және бақуатты өмір мен бақ-береке тілеймін.

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

20.09.2018

Мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы құрылады

20.09.2018

Қостанайда жалпықазақстандық диктантқа 4 сынып оқушысы қатысты

20.09.2018

Павлодарда Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті

20.09.2018

Әділ Дүйсенбек. Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

2018 жылдың 8 айында 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

20.09.2018

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды

20.09.2018

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы жолжүктерді ашудың 80 дерегін анықтады

20.09.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

20.09.2018

Сапа менеджментін енгізу бәсекеге қабілеттілікті нығайтады

20.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

20.09.2018

Машина жасаушылар форумына әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысады

20.09.2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

20.09.2018

Б. Сағынтаев Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысын өткізді

20.09.2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

20.09.2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

20.09.2018

Мөлдірдің мөлдір әлемі

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу