08 Қараша, 2011

Экологиялық қауіпсіздікке назар аударылды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
6 қарашада Қазақстан Премьер-Министрі «Роскосмос» басшылығымен кездесті. Кездесу барысында «Протон» зымыран тасымалдағышының экологиялық қауіпсіздігін арттыру мәселесі сөз болды және «KazSat-2» серігінің жұмысы талқыланды. Кездесуге Федеральдық ғарыш агенттігінің басшысы В.Поповкин, оның орынбасары С.Савельев, М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры В.Нестеров қатысты. Әңгіме барысында тараптар Байқоңыр кешенінен ұшырылатын «Протон» зымыран тасымалдағышының экологиялық қауіпсіздігін арттыру мәселесіне тоқталды, сондай-ақ «ҚазСат-2» серігінің жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқылады.  «Егемен-ақпарат».