Кездесу барысында Қазақстандағы ArcelorMittal компаниясының қызметіне қатысты мәселелер, сондай-ақ, болатты әлемдік нарықтарға экспорттаудың кейбір аспектілері талқыланды.
Айта кетейік, ArcelorMittal — әлемнің ірі металлургиялық компаниясы. Люксембургте тіркелген және сонда компанияның штаб-пәтері орналасқан. Қазақстандағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ осы компанияға тиесілі, оған Қарағанды металлургия комбинаты, сегіз көмір шахтасы, екі электр стансасы, Лисаков тау-кен байыту комбинаты, темір марганец кеніштері және қосалқы кәсіпорындар кіреді.