Президент • 01 Желтоқсан, 2017

Жастық шақтан басталған достық

809 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Біз Нұрсұлтан Назарбаевпен 1962 жылдың жазында таныстық. Барлығымыз құрдаспыз, әртүрлі жолмен инженер мамандығын игердік. Нұрсұлтан Назарбаев Днепродзержинск қаласындағы кәсіптік-техникалық училищені үздік бітіріп Қарметкомбинатта жұмыс істейтін.

Жастық шақтан басталған достық

Қарағанды политехникалық институтына Нұрсұлтан Назарбаев «Домна өндірісі» ма­ман­­ды­ғы бойынша оқуға түсті. Ал­ғашқы екі курста жалпы пән­дер оқытылатын, біз ортақ дә­рісханада, студенттер тілінде бір «поточкада» оқыдық, төрт топ­тан құралған жүздеген студент доменші, болат балқытушы, болат құюшы мамандықтарын игеріп жатты...

Алғашқыда бір-бірімізді жақ­сы танығанша жай араласып жүр­дік, кейін үш төрт ай өткеннен соң бірге тыңдаған лекцияларда ал­ған білімдеріміз басымызды бі­ріктірді. Кейін 1963 жылдың қаңтар айында барлық болашақ металлургтерді өндірістік тә­жі­рибеден өтуге Теміртау қа­ла­­сындағы кәсіпорындарға жі­бер­ді. Болат балқытушылар Қа­зақ металлургиялық зауытына,­ ал доменшілер, оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев бар Қа­рағанды металлургиялық за­уы­тына жіберілді.

Металлург мамандығы өте ауыр. Әсіресе ыстық цехтарда домна, мартен пештерінде жұ­мыс істейтіндердің, болат бал­­­қы­тушылардың жұмыстары ауыр. Негізгі жұмысшы құралы сүй­мен және күрек. Қазіргі жас­тар­мен кездесу кезінде олар менен сұрайды: «Неге артта қал­ған өндіріс?» деп, мен оларға: «Осын­­дай технология», деп жауап беремін. Егер Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әділеттің ақ жо­лында» кітабын оқитын бол­саңыздар, онда оттықшының ең­бегі жайлы толық жазылған. Пре­зидент бұл ауыр еңбектің қыр-сырын толық біледі...

Жастар ауыр жұмыстан қо­рық­қан жоқ, олардың алдарында өнеге алатын тәлімгерлері бол­ды, олар нағыз ер азамат ат­­қа­­ратын жұмыстың қыр-сырын үйретті, негізі – от және қай­наған металды басқаруды үй­рет­ті: Алексей Шатилин, Бо­рис Яго­витов, Иван Еськов, Фе­дор Ващенко, Алтынбек Дә­рібаев, Арғын Жүнісов, Ела­ман Бай­ғазиев, Алексей Панченко және т.б. осындай аза­мат­тар­дың атымен еліміздің қа­ра метал­лургиясының тарихы жа­зылған.
Өндірістік тәжірибеден кейін біз институтқа қайтып оралып, оқуы­мызды жалғастырдық. Ма­мандық бойынша теориялық бі­лімді игерген кезде пәндер нені оқытады және не жайлы айтатынын жақсы түсінетінбіз. Оқу жеңіл және қызықты болды. Біз бір ұрпақтың өкілдеріміз, біз­ді отбасымыздың өмір сүру дең­гейі және қоғамда құрметті инженер-металлург мамандығын иге­руге деген ұмтылысымыз жа­­қын­­дастырды. Осы жайлы ме­нің достарым Жақсылық Ас­кеев, Төлеутай Сүлейменов, Қуа­ныш Омашев, Виктор Ни­конов және т.б. жігіттер арман­дады. Нұрсұлтан Назарбаев біздің ор­тамызда әрқашан же­ке өзі бір төбе болатын. Ол өзі­­нің са­бырлы­лығы, өзіне деген сенім­ді­лігі арқасында маңайына жастарды топ­тастыра білді, ол әрқашан пікірін ашық айтатын. Білім деңгейі әртүрлі құрбыларының арасында болашақ Президент өзінің білімділігімен, саяси қырағылығымен, ойға жақсы сақтау қабілетімен, қазақ және орыс тілдерін жетік білуімен ерекшеленетін.

Сонымен қатар жоғары оқу орнында техникалық пәндерден басқа біз ғылыми коммунизм, диа­лектикалық және тарихи материа­лизм және т.б. гума­нитарлық пәндерді оқыдық. Болашақ сая­­си­ қай­раткер Нұрсұлтан Назарбаев сол кезде де өзінің білім­ді­лі­гі­мен көзге тү­сетін және оны оқы­тушылар да жақсы көрді. Ашы­ғын айтсақ оның жан-жақты бі­лімділігі сол кездегі қоғамдық пән­дер бо­й­­­­­­­ынша өтетін семинарларда оқытушыға әртүрлі сұрақ бе­­ру­мен оқытушының көңілін басқа жаққа бұрып, студенттерден сабақ сұрауға уақыт қал­дырмайтын. Оқытушы өзі қой­ған сұраққа жауап беремін деп уақыттың қалай өткенін біл­мей де қалатын. Сол кезде Нұрсұлтанның барлық саладан хабары барына таңғалатынбыз. 

Біздің талантты курстасымыз сол жылдар ішінде көптеген ше­телдік сапарларға барды, шетелдерді және ондағы халық­тың өмір сүру деңгейін көрді. Теміртау қаласының жұмысшы жастарының көшбасшысы Хель­­синки қаласында өткен ІІІ Дүние­жүзілік жастар фести­валіне қа­тысты. Осы сапардан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өзі­нің алған әсер­лерін жастармен бө­лісті.

Жас металлург тұңғыш ға­рыш­кер Юрий Гагаринмен кездескен, онымен фотоға түскен, сол сурет «Комсомольская прав­да» газетінде жарияланды. Біз­­дің жерлесімізді БЛКЖО ОК Валерий Быковскиймен бір­ге ғарышта болған комсомол белгісімен марапаттаған. Осы ғарышта болған комсомол бел­гілері 10 дана, онымен ірі елдің үздік жастарын марапаттаған. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінше айтқанда «жұлдызды ондық» топтамасында болған. Сол кезде біздің жолдасымызға қо­ғамдық жұмыстарды атқару ұнай­тындығын байқағанбыз, өйт­кені ол атқарған қоғамдық жұ­мыстардың нәтижелері оның ұйым­дастырушылық қабілеті жоғары деңгейде екендігін ай­қын­дайтын. 

Еңбекшіл құрылыс отрядтары

Біздің таныстығымыздың жалғасуына сол кездегі студенттік құрылыс отрядтары себепші болды. Ол кезде студенттік құрылыс отрядтары өрлеу үстінде еді, осы қозғалыс еліміздің ауылды жерлерінің дамуына ықпал етті және студент жастарға табыс табуға мүмкіндік берді. Бізді Қарағанды облысының батысында орналасқан «Балықтыкөл» сов­хозында тұрғын үйлер салуға жіберді. Жүзден астам жастар қу далаға жаңа совхоз құрылысын салуға келдік.

Құрылыс жұмыстарын үздік­сіз жүргізу үшін материалдарды уақытында жеткізу қажет. Нұрсұлтан Назарбаев облыс бо­й­­­­­ын­ша қажет құрылыс материалдарын тауып, оны жеткізумен айналысты. Қалқандар жиынтықта жеткізілетін, ал кірпіш пен це­ментті құрылыс трестері мен комбинаттарынан, жергілікті ат­­­қарушы органдар арқылы алу қа­жет еді. Оның жоғары дең­гейдегі ұйымдастырушылық қа­білетінің арқасында 8 екі пәтерлі үй құрылысын уақытында бі­тіріп, оны қыркүйектің басында пайдалануға бердік, ал басқа құ­рылыс отрядтары үйлерді қыр­күйек айының соңында тапсырды.

Таңның атысынан кеш қарай­ғанға дейін жұмыс істеген біздің металлургиялық студенттік құ­рылыс отряды тек үйлер ғана сал­ған жоқ, келісімшартта қарас­тырылмаған мал қораларын да салды. 

Сол жылдары фотоаппарат отрядтағы бір жігітте ғана болды. Ол түсірген сурет бүгінде өткен тарихтың куәсі. Біз салған тұрғын үйлер құрылысын жақсы деген бағамен тапсырдық. Барлығымыз үйімізге қайт­тық. Әрқайсымыз екі мың рубль еңбекақы алдық. Ол біз үшін жақсы қаражат еді. Өзі­міз киіндік, отбасымызға кө­мектестік. Жаңа оқу жылына осы­лайша дайындалдық.

Жаңа кезең

Институтқа қайтып келген кезде бізді тосын жаңалық күтіп тұрды. Қарметкомбинат базасында ҚарПТИ Теміртау қаласының бөлімшесінде жеке ЖТОО-за­уыт ашылды. Бұл Теміртау жастарының арманы еді. Үйдің жанында оқу қолайлы. Комбинат жастарының мүддесін ескерумен Нұрсұлтан Назарбаев БЛКЖО ОК мүшесі ретінде комсомол съездерінің бірінде жоғарғы органдардың атына сын айтқан. Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамасынан кейін 1962 жылғы республикалық комсомол съе­зінде осы мәселе оңынан ше­шілді. Қара металлургияның алыбын білікті кадрлармен қам­тамасыз етуге арналған жо­ғары техникалық оқу орны 1964 жылы ашылды. Осы оқу орнына ҚарПТИ-дің барлық ме­таллургиялық мамандықтары: доменді өндіріс, металды қы­сыммен өңдеу, болат балқыту бөлімшесі ауыстырылды. Біздің алдымызда қайда оқимыз деген таңдау тұрды.

1965 жыл басталды. Инсти­тутты аяқтағаннан кейін біздің құюшылар тобының түлектері 1968 жылдың қаңтар айында жолдама бойынша ҚарМК-ға жұмысқа жіберілді. Онда оттекті-конвертерлі кешен құрылысы басталған еді. Әрқайсымыз осы құрылысқа атсалыстық. Өмі­рі­міз қалай қалыптасқанынан хабардар болғанымызбен, біз іс жүзінде бір-бірімізбен он­ша көп араласпадық. Себебі, ме­тал­лургиялық комбинат – бұл тәулік бойы жұмыс істейтін 30 мың адамы бар қала, онда әрбір өндіріс бір аудан, өзінің шекарасы және жолы бар, оның кестелері және нұсқауларын бірге жұмыс істейтін кәсіпорындардың жұмысына зиян келтірмеу үшін уақытында орындау қажет. Басқа цехтарда және кешендердегі достарымызбен жиі кездесуге мүмкіндік болмайтын.

Мен оқу бітіргеннен кейін Нұрсұлтан Назарбаев оттықшы және он жылға жуық газшы болып жұмыс істегенін білетінмін және ол кейін партиялық жұ­мысқа ауысты. Ешқашан өзімнің курстасымның қызметтік жағда­йын пайдаланған емеспін. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы жастық шағында, комбинатта бірге жұ­мыс істеген таныстарымен әр­қашан сыйластық қарым-қатынас жасайтын.

Үлкен істер уақыты 

Біздің кездесулеріміз 1991 жыл­дан жиі бола бастады. Сол жылдың шілде айында ком­бинаттағы 3-ТТЦ-де үлкен апат орын алды. Өртті тез арада сөн­діргенмен, салдары зор болды. Төбе құлады, жабдықтар су астында қалды, дрессирлеу станы қатты бүлінді. Осының барлығына жай қарау мүмкін емес еді. Енді осы апаттан бас көтеру мүмкін емес сияқты көрі­нетін. Цехтың жағдайы не болады деген ойлар мазалайтын. Біз осы ойымызды Президентке айттық, ол: «Біз цех жұмыс істеу үшін барлық жағдайды жасаймыз», деді. Цех қысқа қарай қал­пына келтірілді, іске қосылды. Ди­ректор Александр Свичинский өн­д­ірісті іске қосу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланды. Ол штаб құрды. Нұрсұлтан Әбішұлы қал­пына келтіру жұмыстарын өзі­нің қадағалауына алды. Осы жұ­мысты атқаруға Олег Сосковец те көмек көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан сөзінде тұратындығына біздің көзіміз тағы да жетті. Ол жас кезінде де съездерде жастар мүддесін қорғайтын, әрқашан аз сөйлеп, үлкен істерді жүзеге асыратын. Ол комбинат партия ұйымының хатшысы болған кезде де күнделікті міндеттерді шешуді қолға алды. Оның бас­тамасымен стадион, сауықтыру санаторийі, балабақшалар және тұрғын үйлер салынды. 

Нұрсұлтан Әбішұлы ҚКП ОК бірінші хатшысы жә­не Қазақ­станның Жоғарғы Кеңе­сімен сайланған Президент ретінде Те­міртау қаласына келді, өрттен кейінгі комбинат жағдайымен танысты. Бұл біздің Назарбаевпен оның Алматыға кеткеннен ке­йінгі бірінші кездесуіміз еді. Ал 1991 жылдың маусым айында Те­міртау қаласында тұратын курс­тастар кездеспекші болдық. Осы кездесуді курстасымыз Борис Шуголь ұйымдастырды.

Сол кезде Шуголь Мәскеуде кан­дидаттық диссертациясын қорғап, ЖТОО-зауытта «Құю өндірісі» кафедрасының мең­герушісі болып жұмыс істейтін. Ескі қаладағы Тольятти кө­ше­сінде тұратын ол Нұрсұлтан Әбішұлын және бізді отбасымызбен, сондай-ақ, Қара металлургия ми­нистрі Олег Сосковецті үйіне қо­наққа шақырды. Жаздың шуақты жайдарлы күні үйінің алдындағы бақшада дастарқан жайылған, жақсы бір отырыс болды, студенттік жастық ша­ғы­­мызды есімізге алдық. Біз­дің жұбайларымыз «Весна на За­речной улице» кинофильмінің әуе­ніне салып, өлең жазып, оны Президентке арнады. Біз жастық шағымызға қайтып оралғандай әсерде болдық. Нұрсұлтан Әбішұлы: «Қай кезде қай ортада болмайын, өзімнің өсіп қа­нат­танған ұямды еш ұмытқан емеспін. Күрделі мәселелерді шешкен кезде мен әрқашан сіздер туралы ойлаймын да, сіздерді арқа тұтамын», деген сөзі есімде. Қай-қайсымызды болсын осы сөздер толғандырмай қоймайды.

Осы кездесуде Нұрсұлтан Әбішұлы барлығымызды Алма­тыға 6 шілде күні туған күніне шақырды, бірақ ешқайсымыз барамыз деп уәде берген жоқпыз: қалай болады, ол күнге дейін әлі өмір сүру керек деп шештік. Дегенмен, біз Президентімізді жақсы білетін едік, ол әрқашан қонақжай, ақ көңілді дархан жан. Ешқашан өзінің сөзін далаға жібермейтін, берген уә­десінде, сөзінде тұратын адам. Ол кезде комбинат директоры Александр Свичинский болатын, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша бізді әйелдерімізбен бірге 30 адамды автобусқа отырғызып Алматыға жіберді. Алматыдағы кездесу көңілді, есте қаларлық кезде­сулердің бірі болды. Оңтүстіктің тамаша табиғаты есте қалды. 

Маған әрқашан Нұрсұлтан Назарбаевтың кез келген адамды мұқият тыңдап, оған кеңес беруі, оның мәселелерін шешуге көмектесуге дайын тұра­тын­дығы ұнайтын. Мұқият тың­дап, нақты шешім қабылдау күнделікті күйбең тіршілікте сирек кез­де­сетін қасиет. Нұрсұлтан Назарбаев айтқан мәселеге қа­тыс­ты өзінің пікірін біл­діреді, егер адамның пікірі дұрыс болмаса оған түсіндіруге тырысады, ол неге дұрыс еместігіне оның көзін жеткізеді. Бұл Көшбасшыға тән қасиет.

Бақытымызға қарай, біз бас­қа республикалар сияқты бір бірімізбен жауласпадық. Бірлікте, ынтымақтастықта болашақ үшін жұмыс істедік. Тәуелсіздіктің бі­рінші онжылдығында көпте­ген қиындықтар кездесті, жы­лу, жарық болмады. Бірақ біз­дің азаматтарымыздың шыдам­дылығы барлығын жеңді. Алды­мызда жарқын болашақ болады деген сенімділік – Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси стратегиясы бізді осы күнге жеткізді.

Сонымен 1991 жылғы Пре­зидент сайлауында барлық те­мір­таулықтар Нұрсұлтан Назарбаевқа бір ауыздан дауыс бер­ді. Біз оны жақсы танимыз және оған сендік. Ол – біз­дің Пре­зидент. Ол комбинатты да­мытуға көмектесті. Біздің қа­ламыз өркендеп келеді. Бұрын көрші Ресейде де Қазақстанды білетіндер аз еді. Қазіргі таңда біздің Қазақстанды әлем таниды. Біздің экономикамыздың дамуына әлемнің дамыған елдері тамсануда. Еліміздің 26 жылдық тәуелсіздігінің нәтижесі осындай. Бұл – Президенттің қажырлы еңбегінің нәтижесі. Осының барлығына біз куәгерміз.

Біздің әрқайсымыз Мем­ле­кет басшысының мына сөзімен келісеміз деп ойлаймын: «Мен бақыттымын, әлемде Қазақстан жайлы жақсы пікірлер айтылады. Мен қиын жылдары ұсынған бағдарламамның бүгінде жемісін көріп отырмын. Қазақстандықтар маған өзімнің серіктестеріммен бірге дамыған мемлекет болуға бағытталған еңбектерім үшін рахмет айтады. Біз экономика саласында айтулы табысқа жеттік, бюджетімізде қаржы бар, жыл сайын халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндігіміз бар».

Ермек ТӨЛЕУБАЕВ,
Қазақстан  Магниткасының ардагері