Қазақстан • 01 Желтоқсан, 2017

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің құттықтауы

594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сіздерді Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Пре­зиденті күнімен – қа­зақ­стан­дықтардың тағдыршешті таңдау жасаған күнімен құттық­таймыз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің құттықтауы

Бұл мереке жалпыұлттық татулық пен қоғамы­мыздың бірлігін қамтамасыз еткен тәуелсіз мем­лекеттің негізін қалаушы Елбасының аса зор еңбегіне деген халықтың құрметін білдіреді.

Мемлекеттік мерекеге айналған маңызды күн ұлттық рух пен сенімді нығайтады, отан­дастардың зияткерлік пен жасампаздық күш-қуатын озық реформалар мен өзгерістерді жү­зеге асыруға жұмылдырады.

Тұңғыш Президенттің саяси ерік-жігері мен стратегиясының арқасында бүгінгі таңда Қазақстан қоғамдық тұрақтылықтың, түрлі этностық топтар мен конфессиялар өкілдерінің бейбіт өмірінің өнегесі болды.

Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы – біздің Отан үшін және бүкіл халықтың игілігі үшін жасампаз еңбектен бастау алатын табысқа жету тарихымыз.

Құрметті отандастар!

Елімізде елеулі өзгерістер болып жатыр: экономиканы, саяси жүйені және қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламалары табысты іске асырылуда.
Қазақстанды әлемге тұрақты және заманауи дамыған мемлекет ретінде танытқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізілді, халық шаруашылығының барлық салалары қарқынды дамып келеді.

Біз барша халықты Қазақстан Республикасы­ның Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, бейбітшілік пен бірлік тілейміз.

Денсаулықтарыңыз зор, табыстарыңыз мол болсын! 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі