Президент күніне арналған іс-шараның барысында тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастырғандығының айғағын көрсететін, Тəуелсіздік жетістіктерін бейнелейтін шамамен 50-ге жуық сурет ұсынылды. Сондай-ақ көрмеде Ұлт көшбасшысының көпұлтты, көпконфессиялы, тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның қалыптасуы мен тұтастығын сақтаудағы рөлі, Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері жəне Мемлекет басшысының басқаруымен республикамыздың сан-салалы, көпқырлы дамуы көрсетілді.
Аталған іс-шараға облыс əкімі Ж.Түймебаев, облыс əкімдігінің өкілдері, Шымкент қаласының əкімі Н.Сауранбаев, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Көрме мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты.