Қазақстан • 01 Желтоқсан, 2017

«QAZAQSTAN» Ұлттық арнасы Тұңғыш Президент күніне арнайы жобалар ұсынады

1295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүйсенбіден бастап Ұлттық арнада белгілі қазақ ақындарының еліміздің тәуелсіздік алған жылдарынан бастап жеткен жетістіктеріне және осы жолда Ұлт көшбасшысының атқарған ерекше рөлі жайындағы өлеңдеріне арналған арнайы бейнероликтер көрсетіліп келеді.

«QAZAQSTAN» Ұлттық арнасы Тұңғыш Президент күніне арнайы жобалар ұсынады

Бүгін 1 желтоқсан күні «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасы көрермендеріне 17:30-да ҚР-ның белгілі қоғам қайраткерлері Елбасы жайлы ойларымен бөлісетін «Президент парасаты» және 20:35-те Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардағы жаһандық бастамалары, еліміздің бейбіт және бітімгерлік миссиялары, саясат сахнасында қол жеткізген табыстары жайында «Саясат сардары» атты деректі жобаларын ұсынбақ.

Сондай-ақ, 22:35-те Елбасының студенттік жылдары мен алғашқы еңбек жолдарын баяндайтын «Елбасы жолы: От-өзен» драмасын тамашалай аласыздар. Айта кетейік, дүйсенбіден бастап Ұлттық арнада белгілі қазақ ақындарының еліміздің тәуелсіздік алған жылдарынан бастап жеткен жетістіктеріне және осы жолда Ұлт көшбасшысының атқарған ерекше рөлі жайындағы өлеңдеріне арналған арнайы бейнероликтер көрсетіліп келеді.