Маңғыстаудан «Batys Skills» аймақаралық чемпионаты аяқталды

Маңғыстауда алғаш рет ұйымдастырылған «Batys Skills» чемпионаты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау өңірлерінде білім алып жатқан техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің басын қосты. 

Егемен Қазақстан
02.12.2017 16900
2

Бес облыстан келген 80 студент 11 құзіреттілік (мамандық) бойынша бақтарын сынады. Атап айтқанда: кірпіш қалау, құрғақ құрылыс, сылау жұмыстары, дәнекерлеу, жеңіл көліктерге қызмет көрсету, жөндеу, электромонтаждау, аспаздық іс, токарлық жұмыс, IT желісін жүйелі басқару, киім үлгілеу мамандығы бойынша сайысқа түсті. Шараға облыс әкімдігі, ҚР Білім жəне ғылым министрлігі, мәслихат депутаттары, өңірлік "Атамекен" кəсіпкерлер палатасы, республикалық колледждердің қауымдастығы өкілдері мен сарапшылары қатысты.

Үш күнге жалғасқан байқаудың жабылу салтанаты "Балдәурен" демалыс базасында өтіп, жеңімпаздар есімдері белгілі болды.    Шара Тұңғыш Президент күні мерекесіне және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті. «Batys Skills» байқауы - «World Skills»  жобасы негізінде қаланған. Алғаш рет ұйымдастырылған шараның мақсаты - өңірлерде жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру. Соның ішінде жұмысшы кәсіптеріне жастардың қызығушылығын арттыру болып табылады. Сонымен қатар, аймақтар арасында тәжірибе алмастыру.  Қазіргі таңда, облыстағы кәсіпорындарға қажетті жұмысшы кадрларға деген сұраныс жыл санап артып отыр. Сол себепті бұл чемпионаттың  Маңғыстауда өткізілуі кездейсоқтық емес. Ал чемпионатта төрелік ету үшін, ҚР колледжінің қауымдастығы мен аймақтардан барлығы 88 сарапшылар тартылған. Мәселен, сайыста өнер көрсеткен 80 студенттің 25-і жергілікті командадан құралған.

Сайыстың екінші  күнінде студенттер зауытта, коллеждердің ресурстық және тренинг орталықтарында бақтарын сынады. Жарыс Ақтау қаласы мен Қарақия ауданының орталығында өтті. Аймақаралық чемпионаттың жабылу салтанатына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегер атанған студенттерді марапаттады. Тек маңғыстаулық команданы алатын болсақ, барлығы 11 қатысушы жүлдеге ие болды. Оның бесеуі үздіктер қатарынан көрінді. Атап айқанда, Мейірман Үйсенов «Электромонтаждық жұмыстар», Найзабай Аманжолов «Кірпішті қалау», Заманбек  Әлібаев «Майлау және безеңдіру жұмыстары», Берекет Егеубаев «Темір жонушы», Амангүл Жалғасбаев «Наубайшы ісі» және Ақжарқын Кунаева «Киім үлгілеу» құзыреттілігі бойынша жеңімпаз деп танылды.  Өңірлік "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Гүлжан Шаймерденованың айтуынша, студенттердің дені үлкен дайындықпен келген және чемпионатта өзара сайысқа түсіп, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды. "Біз мұндай жобаларды қолдаймыз. Ең бастысы жастардың қызығушылығы жоғары екендігін байқадық. Өзге облыстардан келген студенттер де чемпионат жоғары деңгейде өткендігін алға тартып отыр. Осы шараның өтуіне үлес қосқан оқу орындарының басшылары жарады. Алдағы уақытта, біздің студенттеріміз жеңіс жолын жалғастырады деген сенімдеміз", - деді ол. Айта кету керек, «Batys Skills» аймақаралық чемпионат Маңғыстау өңірінен бастау алып, кезекті сайыс келер жылы Ақтөбеде өтетін болып

белгіленді, деп хабарлады egemen.kz тілшісіне Маңғыстау облысы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының сарапшысы  Кәмшат Ізбасарова.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев: Білім беру жүйесі реформалардың шырмауынан шыға алар емес

19.10.2018

Ұлттық құндылықтардың иесі – жастар

19.10.2018

Оралда студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

19.10.2018

«Қазпоштаның» 25 жылдығына орай «Жазылушылар күні» ұйымдастырылды

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қаржысын үнемдеуге шақырды

19.10.2018

Еуразия ынтымақтастығының маңызы зор

19.10.2018

Амангелді Кеңшілікұлының «Қазақты сүю» атты шығармашылық кеші өтті

19.10.2018

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 40 жылдығы аясында тарихи кітаптардың тұсауы кесілді

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда жұмыс сапарымен болды

19.10.2018

Америкалық еріктілер оқушыларға ағылшын тілін үйретіп жүр

19.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті

19.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитіне қатысты

19.10.2018

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектер арбасын сыйлайды

19.10.2018

Президент «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитінде кездесулер өткізді

19.10.2018

Владимир Путин: Өзбекстан Ресейдің сенімді серіктесі

19.10.2018

Сенатор Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысында жұмыс сапарымен болды

19.10.2018

Атырауда мамандандырылған ХҚКО құрылысы аяқталуы жақын

19.10.2018

Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына - 120 жыл

19.10.2018

Павлодар-Семей тасжолында көліктер өртеніп, бір адам мерт болды

19.10.2018

TWESCO дүниежүзілік мәдениет форумына қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу