09 Қараша, 2011

Жаңа ғимаратқа қоныстанды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Батпақты, сулы жерлерді мекендейтін алуан түрлі құстар мен сайын даланың сәні киіктерді қор­ғау, тұмса табиғатты сақтау  мақса­тында 2007 жылдың басын­да құ­рылған «Ырғыз-Торғай» мем­лекеттік табиғи резер­ваты» мемлекеттік мекемесі жақын­да үш қабат­ты  жаңа ғимаратқа қо­ныстанды. Бұл резерват жер көле­мі жағынан республикада ең ау­қымды ерекше қорғалатын табиғи аумақ.Сондық­тан оған мемлекет тара­пынан үлкен қолдау көрсе­тілуде. Жаңа ғимарат осы заман­ғы құрал-жабдықтармен жарақ­тан­дырылған. Нысан құры­лы­сын  «КазПромСтройГрупп» ЖШС сал­ды. Құры­лысқа мемлекеттен 327100 мың теңге бөлініпті. Еңселі де жайлы ғимарат аула­сында 14 автокөлік сиятын гара­жы, шеберхана және инспекторлар дема­латын бөлме бар. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.