Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017

«West Dala» «Жасыл экономиканы» қолдап, ЭКСПО көрмесіне атсалысқан

796 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

«West Dala» ЖШС – 2005 жылы еліміздің батыс аймағында өндіріс және тұтыну қалдықтарын кешенді басқару тәжірибесін алғаш рет енгізген дербес сервистік компания. «Қашаған», «Теңіз», «Қарашығанақ» сияқты әлемдегі ең ірі игеріліп жатқан мұнай-газ кен орындарына, мұнай және мұнай-сервистік өнеркәсібіне, өнеркәсіп және медицина салаларындағы ұйымдарға, халыққа қызмет көрсету және сау­да кәсіпорындарына, басқа да компанияларға қалдықтарды басқару бойынша кешенді және жекелеген қызметтер көрсетеді. Компания өз қызметін мемлекеттік лицензиялар, ISO және OHSAS халықаралық стандарттарына сәйкес интеграциялық менеджмент жүйесі негізінде жүзеге асырады.

«West Dala» «Жасыл экономиканы» қолдап, ЭКСПО көрмесіне атсалысқан

«West Dala» ЖШС «ISKER» компаниялар тобына­ кі­реді, кәсіпорын қызметі шетел­дік се­ріктеспен бірлесіп, иннова­ция­лық технологияларды енгізу жө­нін­дегі Wеst Dala Tech-пен бас­қарылады, «KazWaste» қазақ­стандық қалдықтарды басқару қауым­дастығының белсенді қаты­сушысы. Сондай-ақ ұлттық стандарттарды әзірлеу, Экологиялық кодекске, «Жасыл экономика туралы» заңға және басқа да құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша Энергетика министрлігі Қалдықтарды басқару департаментінің жұмыс тобына сарапшы ретінде кіреді.

Компания кәсіби тәжірибесін «Сала көшбасшысы» ұлттық сер­ти­фикаттарымен және медаль­дарымен, «Теңізшевройл» ЖШС жүргізетін CHESM аудит­ нәтижелерімен бірнеше рет рас­таған. Сонымен қатар соңғы үш­ жыл бойына ең жоғары А рей­тингін (Grade A) иеленіп келеді. Он­ екі жылдан бері өз клиенттеріне қал­дықтарды басқарудың стандартты тәсілдерін ұсынып қа­на қоймай, ауқымдылығы мен күр­де­лілігі әр­түрлі қалдықтарды бас­қару жобалары бойынша оң­­тайлы кешенді шешімдерді қарас­тыруға және ұсынуға да­йын­дығын білдіріп, неғұрлым эко­логиялық қауіпсіз, қолжетімді техно­логияларды енгізу арқылы қал­дықтарды басқару саласындағы ха­лықаралық және отандық тәжі­рибені қолданады. Сондықтан «NCOC N. V», «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Петролеум Оперей­тинг Б.В», «Өзенмұнайгаз», «Қара­жан­бас­мұнай», «Қазтрансойл», «Аты­рау МӨЗ», «Жайықмұнай», «НГСК КазСтройСервис», «Ақсай­газ­сервис», «АлғаКаспийГаз» сияқ­ты көп­теген ірі шетелдік және отан­дық компаниялар қалдық­тарды бас­қаруда «West Dala» компаниясына сенім артады.

«Біздің «Теңізшевройлмен» әріптестік ынтымақтастығымыз мердігерлік қызмет көрсетудің бас шар­тында бекітілген. Бұл ком­па­нияның жоғары кәсіби сер­вис ұсынуға және аса күр­делі сұранымдарға арналған техно­логиялық шешімдерді қабылдауға қабілетті екенін көрсетеді. «West Dala» ТШО тендерлеріне қаты­суға әрқашан шақырылады жә­не­ Қазақстан заңнамасы мен «Chevron» корпорациясының та­лап­тарына толық сәйкестігін рас­тайтын аудиттерден жүйелі түр­де өтіп отырады. Компанияның мін­сіз беделі мен бас мердігерлік шар­тының болуына қарамастан, ТШО басқа мердігерлік ұйымдарда қалдықтарды кәдеге жарату бо­йынша технологиялық шешімдері болмаған жағдайда ғана «West Dala» компаниясының қызметіне жүгінеді», дейді ЖШС бас директоры Қайрат Салахаденов.

Мамандардың сөзінше, басқа да көптеген кәсіпорындар сияқты «West Dala» да бірінші кезекте жергілікті халықты жұмыспен қамтуға ұмтылады. Кәсіпорынның еліміздің батыс өңіріндегі екі облыста төрт өндірістік нысаны бар, бір-бірінен алшақ тұрған аумақтық аудандарда орналасқан. «Біз әрбір қызметкерімізге жұмысында ер­кіндік береміз және еңбегі мен қа­дір-қасиетін жоғары бағалаймыз. Мә­селен, лайықты еңбекақымен қам­тамасыз етіп, айқын ұжымдық және еңбек шарттарын жасасамыз. Барлық қызметкерлерге кә­сіби және мансаптық өсуге тең мүмкіндіктер ұсынамыз және ерекше көзге түскендерге, сондай-ақ жылдық қорытынды бағалауы негізінде сыйақы беріледі», деген Қ.Салахаденов мамандардың әлеуметтік, медициналық ахуалы да назардан тыс қалмайтынын әң­гімеледі.

Бірінші кезекте қызмет­кер­лердің барлығына әлеуметтік па­кет беріледі, ол қызметкердің қажет­тіліктеріне қарай қаржылық қолдау көрсетуді, қоғамдық өмірінде қол­данатын кейбір жеңілдіктер ұсы­нуды, мемлекеттік немесе шет ті­ліне үйретуді, зейнеткерлікке шық­қандарға естелік сыйлықтар ұсы­нуды көздейді. Мамандардың көңілін көтеру мақсатында әртүрлі тимбилдингтер, корпора­тивтік және мерекелік кештер ұйым­дас­тырылады екен. Барлығы меди­ци­налық тексеруден жыл сайын өтеді. Онымен қоса өндірістік базаларда медпункттер орналасқан.

Компания қайырымдылық ша­раларына да белсене атсалысады. Айталық, балалар үйіндегі мү­гедек, жетім жеткіншектердің, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тұрмыстық ахуалы төмен от­­ба­сылардың қандай да бір қа­жет­тіліктеріне қарай қаржылай кө­мек көрсетеді және мерекелік сый­лықтар ұсынады. Атырау және Маң­ғыстау облыстары аудандық әкімдіктерімен өтетін әлеуметтік-мәдени іс-шаралардың да маңынан табылады. Кәсіпорын «жасыл эко­номиканы» қолдайтындықтан, өндірістік базалар төңірегінде ор­наласқан мектептер мен бала­бақ­шаларды көгалдандыруға қара­жат бөлуге тырысады.

«West Dala» қазақстандық тауарлар мен қызметтер ұсынуды дамытуға үлес қосып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, яғни мердігерлік ұйымдарды қолдауға ұмтылады. «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрме­сі ая­сында өткен «Green energy & Waste recycling forum» атты ІІ Еура­зиялық бизнес-форумына қа­тыс­тық. Осындай жиынның ресми серіктесі ретінде көмек көрсету ар­қылы бейінді шараны қолдау ту­ралы шешім қабылдағанбыз. Ком­пания өзінің әлеуетті клиенттеріне, қоғамдық ұйымдарға және мем­лекет­тік органдарға PWS шетелдік се­ріктес компаниясын алғаш рет ұсынды. Сондай-ақ серіктесімен бірлесіп, бүкіл форум аудитория­сына ел нарығындағы жаңа ойын­шысын – «West Dala Tech» ЖШС-ні ұсынды. Ол экологиялық қауіп­сіз жобаларды ғана іске асы­руға арналған озық технология­ларды таныстыратын, қазіргі за­ман­ғы өндірістік кешендері бар ин­жинирингтік және операциялық ком­пания», дейді бас директор Қ.Салахаденов.

Биыл компания одан әрі да­му­ға арналған бірқатар маңыз­ды іс-шаралар өткізген. Айта­лық, клиенттерінің жаңа қажет­ті­ліктеріне және ел заңнамасына енгізілген кейбір өзгертулерге бай­ланысты өндірістік нысан­дарын қайта жаңғыртты. Қал­дық­­тарды басқаруға қатыс­ты жаңа талаптарға және маман­дандырылған техниканы жыл сайын жаңарту жөніндегі жос­парға сәйкес жабдықтар және автокөліктер сатып алған. Сонымен қатар қалдықтарды басқару са­ласындағы кейбір стандарттарды жасау және енгізу жөніндегі жұ­мыс топтарына қатысты ISO стандарттарының жаңа нұсқасына көшті. «Өндіріс және тұтыну қал­дықтарымен жұмыс істеу жө­ніндегі мамандандырылған кә­сіп­орындар. Жалпы талаптар» стандартының сертификатын ал­ды. Ең маңыздысы, «Сала көш­басшысы» мәртебесін растады.

Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»