Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017

Маңғыстау облыстық ІІД-де «Тұңғыш Президент күніне» арналған іс-шара өтті

218 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Ішкі Істер департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өткізілді. 

Маңғыстау облыстық ІІД-де «Тұңғыш Президент күніне» арналған іс-шара өтті

Мереке кезінде мәжіліс залында Елбасының өмірі мен қызметіне арналған фотокөрмелер, стендтер қойылды. Қатысушылардың назарына «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында қысқаша бейнесюжетті көрсетілім көрсетілді. Шараға Ішкі істер департаментінің барлық жеке құрамы қатысты.

Мерекелік шараның алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелініп, Гимні айтылды.

Алғаш құттықтау сөзді алған  Маңғыстау облысы  Ішкі істер департаментінің бастығының орынбасары полиция полковнигі Бөкен Бегерұлы Жұмағали «біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жұртқа атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті»,-деген  Елбасының сөзін келтіре отырып,  ішкі істер органдарында  қызмет етудегі басты мақсат - Қазақстан дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап оның тыныштығын қорғауға берік ден қойылып, тәртіп сақшыларының  ерлік істерін кейінгі ұрпаққа жеткізіп, үлгі ету, ұлттық құндылықтарымызды сақтау болып  жалғасып келе жатқанын атап өтті. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаматтардың бостандықтары мен конституциялық құқықтарын қорғау жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.  Сонымен қатар, «Тұңғыш Президент күніне» арналған  мерекелік шара аясында өз қызметтерін мінсіз атқарған  тәртіп сақшылары да марапаттан  тыс қалмады. Тәртіп сақшыларын марапаттау рәсімі  Департаменттің Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі  Мұхтар Қанғалиұлы  Садақбаевқа табысталды.Тәртіп сақшыларын марапаттау барысында жүректеріне  жалын, Отанға адал қызмет етулеріне тілек білдірді.

Келесі сөз кезегі Маңғыстау облысы бойынша «Динамо» ДШСҚ төрағасының орынбасары Игорь Николаевич Садыкинге берілді. Игорь Николаевич Елбасының сындарлы саясатының арқасында ішкі істер органдарында қызмет ететін спорт  майталмандарының  түрлі республикалық сайыстарға қатысу мүмкіндігіне қол жеткізіп, жүлделермен оралып жүргендігін мақтанышпен жеткізді.

Полиция қызметкерлерінің облыс көлемінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту, қылмыспен күресте, криминогендік ахуалды тұрақтандыруға қосып жатқан үлестері мол. Ел болашағы үшін еңселі еңбек етіп, мерейлі жеңістерге жете беріңіздер,- деп аяқтады сөзін Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нағашыбай Омарұлы Жариев.                            

Шара соңы әдемі әндер мен әуезді күйлерге ұласып, қатысушылар еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолдарын баяндайтын шығармаларымен танысты., деп хабарлады редакция тілшісіне ІІД қызметкері Ардақхан Нәубетова.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы