09 Қараша, 2011

Тұрғын үй жинақ қоры

551 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Пәтеріңе деген қорды осы бастан бастап жина! Өз жеке меншік пәтерінде тұрғысы келетін адамдар қаншама, солардың ішін­де жуық маңда өзінің тұрғын үй мәсе­ле­сін шеше алатын бақытты жандар бар. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі­нің салымшылары мен клиенттері тұр­ғын үй құрылыс жинақ жүйесінің көме­гімен баспана алу мүмкіндігіне сенімді! Жеке меншік баспанаға ие болу мүмкіншілігі әр адамда бар. Ол үшін алғашқы жарна іздеу, қарыз алу және алтын уақытты кетірудің қажеті жоқ. Бұл мәселенің шешілуіне басқа тұрғы­дан да қарауға болады, мысалы, біртіндеп жинақтау. Бұл мәселені шешуде тұрғын үй жағдайын жақсарту және пә­тер алуды артық күш салмай-ақ жүзеге асыруға тұрғын үй құрылыс жинақ қо­ры көмектеседі. Ол үшін Тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкінің ең жақын бөлім­шесіне баруды ұйғардыңыз. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – қазақстан­дық­тар­дың баспана мәселесін шешетін банк. Банк мамандарының айтуынша, қар­жы институтының тұжырымдамасы тұр­­ғын үй жағдайын жақсарту және пәтер алу, үй салу және жөндеуге бағыттал­ған. Сонымен, тар шеңберлі бағытқа бағындыру клиенттердің сұраныстарын тиімді шешуге мүмкіндік береді және тұрғын үй жинақ жүйесіне әр адам қатыса алады. Ол үшін бірінші кезекте тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау қажет. Шарт бойынша болжанған сома мен ай сайынғы төленетін жарна сомасы анықталуы керек. Клиенттерге ыңғайлы болуы үшін жинақтау мерзімі әр түрлі бірнеше депозиттік тарифтік бағдарламалар жа­сал­ған: «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Бо­ла­шақ». Бұл тарифтер бойынша жи­налған сомаға жылдық 2% сыйақы қо­сылады (тиімді жылдық сыйақы 12,7% дейін). Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – мемлекеттік маңызы бар іс, сон­дық­тан са­лымдар бойынша мемлекет тара­пынан 20% сыйлықақы тағы қосылады (салым мөлшері 200 АЕК жоғары болуы қажет). «Бастау» бағдарламасында жинақ­тау мерзімі 3,5 жыл, тұрғын үй заемы 6 жылға 5% пайыздық мөлшерлемемен беріледі ( тиімді жылдық сыйақы 5,3% дейін). Мысал үшін, егер Сіз шарттық со­маны 7 000 000 теңге мөлшерінде анық­та­­саңыз, онда жинақтау бойынша ай сай­­ынғы жарнаңыз – 87 500 теңге (коэф­­фи­­циент 1,25% * 7 000 000 теңге), тұр­­­ғын үй заемы қарызын өтеу – 56 000 теңге (коэффициент 0,80% * 7 000 000 теңге). «Өркен» тарифтік бағдарламасы­ның жинақтау мерзімі – 5,5 жыл, тұр­­­­ғын үй заемы 10 жылға беріледі. Пайыздық мөлшерлеме жылына– 4,5 % (тиімді жыл­дық сыйақы 4,7 % дейін). Ж­и­нақ­тау сомасы және ай сайынғы жарна бой­ынша есеп үлгісі: шарттық сома – 7 000 000 теңге, жинақтау сомасы есебіне салынатын ай сайынғы жарна бойынша ұсыныс – 52 500 теңге (коэффициент 0,75% * 7 000 000 теңге), тұрғын үй заемы қарызын өтеу – 35 000 теңге (коэффициент 0,50% * 7 000 000 теңге). «Кемел» тарифтік бағдарламасы­ның шарттық сомасы – 1 000 000 теңге, жи­нақтау сомасы есебіне салынатын ай сай­­ынғы жарна бойынша ұсыныс – 35 000 теңге (коэффициент 0,50% * 7 000 000 теңге), тұрғын үй заемы қарызын өтеу – 24 500 теңге (коэффициент 0,35% * 7 000 000 теңге) т.б. Бұл тарифтік бағ­дар­ла­ма­ның шарттары келесідей: жинақ мерзімі – 8,5 жыл, тұрғын үй заемы 10 жылға беріледі, пайыздық мөлшерлеме жылына– 4,5 % (тиімді жылдық сыйақы 4,2% дейін). Тарифтік бағдарламалар ішіндегі ең ұзағы – «Болашақ». Жинақтау мерзімі– 15 жыл, тұрғын үй заемы 25 жылға беріледі. Тұрғын үй заемы бойынша жыл­дық сыйақы – 3,5 % (тиімді жылдық сыйақы 3,6 % дейін). Мысалы, шарттық сома – 7 000 000 теңге, жинақтау сомасы есебіне салынатын ай сайынғы жарна бойынша ұсыныс –17 500 теңге (коэф­фициент 0,25% * 7 000 000 теңге), тұр­ғын үй зае­мы қарызын өтеу – 17 500 теңге (коэф­фициент 0,25% * 7 000 000 теңге). Бар қызықты өз баспанаңызда өт­кіз­гіңіз келіп асығатын кездеріңіз бола ма? Банкте тұрғын үй заемын жинақтау қорынсыз алуға болады дейді, ол үшін алдын ала берілетін несиені пайдалану керек. Банкирлердің айтуынша, бұл тарифтік бағдарлама бойынша 2011 жыл­дың 25 желтоқсанына дейін пайыздық мөлшерлемесі төмендетілгендіктен, Сіз­­дің асығуыңыз керек. Мысалы, клиент баспана алу үшін заемды алдын ала жиналған қорсыз ала­тын болды делік. Бұл жағдайда, пайыз­дық мөлшерлеме жылдық 11 % құрайды (тиімді жылдық сыйақы 7,3% дейін). Сонымен қатар аралық тұрғын үй заемын ресімдеу мүмкіншілігі де бар. Ол жедел түрде шартта көрсетілген сома­ның 50% жиналған жағдайда беріледі. Стандартты аралық заем бойынша пай­ыз­дық мөлшер жылына 8,5% (тиімді жыл­дық сыйақы –17,5% дейін). «Же­ңiл» несиелеу бағдарламасы бойынша негізгі қарыздың төленуін 3 жылдан аспайтын мерзімге дейін кейінге қал­дыру, пайыз­дық мөлшерлеме 9,5% құ­рай­ды (тиімді жылдық сыйақы мөл­шер­лемесі – 15,7%). Банк клиенттері мен салымшыларға деген жақсы жаңалық – Тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкінің 2011-2014 жыл­дарға арналған тұрғын үй құрылысы­ның жаңа бағдарламасына қатысуы. Бұл бағдарламаға қатысу үшін тұрғын үй құрылыс жинақ шарты мен тұрғын үй салу бағдарламасына қатысу туралы талапқа сай өтініш болуы керек. Берілген өтініш пен қойылған талаптарға сәй­кес тұрғын үй бағдарламаларына қа­ты­сушылар іріктеледі. Баспана пулы жи­нақтау мерзімін, жиналған соманы және бағалау көрсеткішін ескере оты­рып балдық жүйе бойынша құрылады. Енді азаматтар Банкте қор жинап, өз баспанасының салынуына қатысып қана қоймай, үйдің салыну барысын да Банк арқылы қадағалай алады. Таза әрленген пәтердің 1 шаршы метрінің құны Алматы қаласы бойынша – 142 500 теңге, Астана және Ақтөбе қалала­ры үшін – 112 500 теңгені құраса, өзге аймақтар үшін 90 000 теңгені құрайды. Нарықтық бағамен арасындағы айыр­машылықты байқайсыз ба? Егер бағдарлама шарттарына қызы­ғу­шылық танытып, анығырақ білгіңіз келсе, Тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кінің бөлімшелеріне хабарласуыңызға, болмаса www.hscbk.kz сайтының «Са­лы­нып жатқан тұрғын үй» бөлімінен ақпарат алуыңызға болады. Кейінгі кездерде уақыт тапшылы­ғын қатты сеземіз. Кейбір кезде ай сай­ынғы жарна мен заем төлемдерін уақы­тымен төлеп үлгермей жатамыз. Мұн­дай жағдайда, Халық Банкі мен Қаз­пошта бөлімшелерінің төлем қабылдау орындарының клиенттер мен салым­шы­ларға қосымша қызмет көрсететіні өте ыңғайлы. Бұл Сізге уақытыңызды үнемдеуге көмектеседі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы А.В. Ивановтың айтуынша: «Банкте сіз­дің есеп-шотыңызды қолма-қол толты­рып отыратын тиімді ақпараттық жүйе жұмыс істейді». Сондай-ақ, есеп-шот жағдайын анықтауға мүмкіндік беретін http://www.hcsbk.kz, сайты жұмыс істейді. Ол үшін «Клиенттер» бөліміне, оның ішінде «есеп-шоттар туралы ақпа­рат» шағын бөліміне кіресіз. Ол беттен тіркеуден өтесіз де, әрдайым болашақ үйге, болмаса пәтерге деп жинаған ақшаңыздың өсуін бақылай аласыз. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі­нің клиенттері мен салымшыларының ойы бойынша, барлық тарифтер ыңғай­лы, пайдалы, құнтты.Тұрғын үй құры­лыс жинақ жүйесінің қатысушылары күннен күнге көбейіп келеді, яғни, тұрғын үй мәселесі көп ойланып-тол­ғануды қажет етпейтін, шешілетін мәсе­ле болады деген сенім туады. Ибраһим КАППАСОВ. ____________________ Қосымша ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-35-11, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанда қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ., 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 46-62-26, Көкшетау қ., 32-35-60, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz