Көзделген меже көңілден шықса игі

Ата-бабамыздың тәуелсіз де қуат­ты елге айналсақ деген армандары кезінде орындалмас қиялдай көрінсе де, бүгінде ол ұмтылыстың біртіндеп іс жүзіне асқандығының нақты куәсі болып отырмыз. Елдің бай-қуатты болуы сол елдің әр азаматының мақ­танышы екені сөзсіз. Бұл орайда, ең алдымен, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы көзделген межелер көңілге сенім ұялатары баршаға аян.

Егемен Қазақстан
07.12.2017 278

Ашығын айту керек, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мемлекеттің және елдің әр азаматының хал-ахуа­лын жақсартуға арналған үлкен бағдарламалық құжат болып табылады. Оның мәні мен мағынасы тереңде жатыр. Мұнда мемлекеттік салаларға тек Ұлт жоспарындағы бас­­ты міндеттерді орындап қою ғана емес, жетістікке қарай жасалған әр қадамның нақты жемісін қарапайым адамдар көруге тиістілігі қозғалды. Әр қадамның орындалуы – дамудың, көркеюдің көрінісіне айналды. Сөйтіп бағдарламаның көздегені көңілден шықты деп толық айта аламыз. Ал «Халық айтса, қалт айтпайды» дегендей, Ұлт жоспарының орындалған қадамдарының нәтижесі көңілден шығып жатқаны баса айтылуда. 

Мәселен, қазіргі күнде әр адам өз кәсібін дөңгелетуі тиіс. Ал кәсіптің несібесін көру үшін әр кәсіпкер алаңсыз қызмет ете алуы керек. Мі­не, осы орайда заңның үстемдігі адал­ еңбек етемін, оның қызығын кө­ре­мін дейтін адамдарға ауадай қа­­жет. Бір сөзбен айтқанда, мен­шік құқығына кепілдік беретін, кәсіпкерлік қызмет үшін, келісім-шарттық міндеттемелерді қорғау үшін жағдай жасайтын, түптеп келгенде экономикалық өсім үшін негіз болатын заңның үстемдігі қамтамасыз етілуі қажет. Ол қалай жүзеге аспақ? Жалпы, заң үстемдігі дегенде біз нені басшылыққа аламыз? Әрине, Негізгі Заң – Конституцияның орны бөлек. Онда жазылғандай, адамның құқықтары мен бостандықтарын заңды түрде қорғай білу, адамды қадірлеу, оны ең қымбат қазына деп білу қажет. Бұдан шығатын қорытынды, заңның үстемдігі адамның меншік құқығымен, жеке кәсіпкерлік қызметімен, яғни оның іс жүзіне асуымен ұштасуы тиіс. Сонда жеке кәсіпкерлік нәтижесі мемлекеттің экономикалық дамуына дем береді. Ал бұл адамдардың, елдің жалпы әл-ауқатының артуы­на, мемлекеттің экономикалық жағ­дайы­ның жақсаруына жол ашады. Мемлекет басшысы Ұлт жоспарындағы заңның үстемдігі туралы айтқанда, осы мәсе­ле­ні алға қойғаны анық.

Ендеше адамның жеке құқы мен заңды меншік құқы нақты қорғала алатын жағдайда адам бостандығы сақталатындығы айқындалып, бұл қазақстандық құқықтық жүйенің салтанат құруының бір белгісі болмақ. Ал азаматтар мен ұйымдардың, кә­сіп­­­керлердің құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қор­ғау және оны қамтамасыз ету сот жүйесінің міндеті болып табылатын­дығы жоғарыда айтылған Ата Заңымызда жазылып тұр. Демек, заң үстемдігінің салтанат құруын іс жүзіне асыру барысында соттардың рөлі де, орны да бөлек. Бұл орайда, алдымен, судьяларға жүктелер жауапкершілік үлкен.

Сондықтан судья болып тағайын­далмас бұрын оған үміткер адам құқықтық жағынан дамыған елдердегі қатаң тәжірибе тәртібіндей күрделі әрі көп сатылы сынақтардан өтеді. Мәселен, судья түйіні қиын мәсе­ле­лер­ді шеше алатын білікті де бі­лім­ді маман болып келуі керек. Сол үшін де Президент жанындағы мем­лекеттік басқару академиясының құра­­мына енетін Сот төрелігі институтында жоғары заң білімін беру мекемелерінің судьялық қызметке лайықты түлектерінің арнайы екі жыл білім алуы көзделген болатын. Енді бұл институт академия құрамынан шығарылып, Жоғарғы соттың жанында жұмыс істейді. Магистранттар мұнда екі жылдық білім алады. Сосын бір жыл соттарда тағылымдамадан өтеді. Сынақ мұнымен шектелмейді. Түлек соттарда тағы бір жыл сынақ мерзімінен өтеді. Сөйтіп магистранттар судья болып тағайындалғанша білім де, нақты сот тәжірибесін де жинап алады. Міне, мұндай судьялар қатаң іріктеу мен озық оқыту үлгісінен өткеннен кейін адам құқын қорғауда әрқашан заң үстемдігін жоғары қоятындығы сөзсіз. Өйткені Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы көзделген меже де осы болатын.
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2018

Елорда тұрғындары кітап алмасты

22.07.2018

«Цифрлық Қазақстан»: Үкімет басшысы отандық АТ-компаниялармен мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселесін талқылады

22.07.2018

Шолпан-Атада Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

22.07.2018

Тары өндірісі тасада қалмасын десек...

22.07.2018

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға арналған баспасөз мәслихаты өтті

22.07.2018

Білім гранттарының 70 пайызы «ІТ» мамандықтарына бөлінеді

22.07.2018

Қызылордада 18 ауылшаруашылық кооперетиві құрылды

22.07.2018

Шемонаиха тұрғындарына баспана кілті тапсырылды

22.07.2018

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

21.07.2018

Денистің дара жолы

21.07.2018

ЖСҚ-ны әзірлеу ісі сылбыр

21.07.2018

Атыраулықтар Денис Тенмен қоштасты

21.07.2018

Тараз қаласына Денис Тенді еске алуға арналған баннер орнатылды

21.07.2018

Денис Тенді еске алу шаралары Өскемен мен Семейде өтті

21.07.2018

АҚШ-тың атақты хореографтары Астанада шеберлік сыныптарын өткізеді

21.07.2018

Қостанай облысында жыл басынан бері қылмыс азайған

21.07.2018

Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

21.07.2018

Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

21.07.2018

Қостанай облысында жаз басталғалы 12 адам суға кетті

21.07.2018

Астаналықтар Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыс таба алады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Атақ қымбат па, абырой қымбат па?

Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылд­ай­ты­ны­мыз­ды бәрі біледі. Айта­лық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу