Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2017

Жаңа нысандар үшін қуанышты

305 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақсу қаласына қарайтын Қалқаман, Ақжол ауылдарында 4 мыңға жауық халық тұрады. Бұл ауылдық округте қоңсы қонған елге оралған қандастар мен түрлі ұлт өкілдері тату тіршіліктерімен үлгі болып отыр. Екі жыл бұрын елді мекенде жаңа мектеп салынды. Қазір мектепте 526 оқушы білім алады. Сондай-ақ мәдениет үйі жөнделіп, көшелерге асфальт төселді.

Жаңа нысандар үшін қуанышты

Бір ерекшелігі, қалқаман­дықтардың түгелге дерлігі жұ­мыс­пен қамтылған. Өйт­кені өндірістік қаланы айнала ор­наласқан үлкенді-кішілі зауыттар мен ауыл ша­руа­шылығы саласы бо­йынша кө­көніс өсіруге ар­налған егіс­тік танаптары жұмыс күшіне үлкен сұраныс тудырады. Сондықтан бұл­ ауыл тұрғындары тек әлеу­мет­тік нысандардың жеткілік­сіздігіне ғана назар ауда­ратын. Осы олқылықтың ор­­ны біртіндеп толып келеді. Таяу­да Қалқаман ауылында 20 жыл бойы қаңырап бос тұрған ғимарат жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарына облыс­тық бюджеттен 100 миллион теңге бөлінді. Жауапты мердігер компания құ­рылыс жұмыстарын жоспар бойынша жүргізіп, уақы­тында пайдалануға берді. Қазір жаңа ғимаратта ауыл­дық емхана тұрғындарға меди­циналық қызмет көр­сету­де. 

Қалалық орталық ауруха­на дирек­торы­ның міндетін ат­қа­рушы Бақытжа­мал Нұрал­динованың айтуынша, емханада алғашқы медициналық жәр­дем, терапевт, физиотерапия, қан алу, химизатор, екпе салу, акушер, ем-шара және күндізгі емдеу ста­ционарына арналған кабинеттер бар. Жедел жәрдем бригадасы да тәу­лік бойы жұмыс істейді. Тіпті ЭКГ жүйе­сі бойынша облыс орта­лығындағы кар­­дио­логтарға онлайн-режім­де ақпарат жіберіп, қоры­тынды да ала алады. Соның нәти­жесінде науқасқа дер кезінде көмек көрсетуге мүм­кіндік бар. Сонымен бірге жуырда Евгеньевка ауылында да жаңа дәрі­герлік амбу­латория ашылды. Бұл ны­санның құрылысына облыс­тық бюджеттен 147 мил­лион теңге қаражат бөлінген екен. Құрылыс жұмыстарын жер­гілікті «Стальмонтаж» ЖШС жүр­гізді. Ауыл тұрғыны Рым­кеш Ша­пағатқызымен сөй­лес­кенімізде, ол дәрігерлік ем­ха­наның салынуын­ тұр­ғын­дар­дың көптен күткенін, он­дағы күндізгі стационардың қо­лай­лы екенін, сонымен бірге жас­өспірімдерге арналған спорт ке­шенінің пайдалануға берілуі де ауылға айрықша көңіл бөлініп отыр­ғанын байқататынын жеткіз­ді.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы,
Ақсу қаласы