Форум БҰҰ Бас Ассамблеясы ұсынған Халықаралық еріктілер күніне орай өткізілді. Республикалық «Volunteer.KZ» форумына елімізден 100 ерікті қатысыпты. Ресей, Беларусь, Орталық Азия елдерінен де өкілдер келді. Жиынға облыс әкімі Болат Бақауов та қатысып, сөз сөйледі. -Ең белсенді еріктілердің біздің өңірде белсенді жұмыс жасайтыны қуантады,- деді өз сөзінде. Жергілікті ұйымдастырушылардың айтуларынша, 5-7 желтоқсан аралығына жоспарланған шара біздің еліміздің «Еріктілер қозғалысы үшін» үлкен серпін болды. Форумның басты мақсаты-республикамыздың және шет елдер еріктілер ұйымдары өкілдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу үшін бірлескен жұмыс жасауға бағытталған.
Осы күндері облыс орталығында «Еріктілер үйі» де ашылды.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Саят Жүсіпбаевтың айтуынша ғимараттың тарихы көне, 1905 жылы салынған. Бос жатқан ғимаратқа демеушілер есебінен күрделі жөндеу жасалды. Архитектуралық келбетін сақталып қалыпты. Қазір «Еріктілер үйіне» 9 ұйым орналасты.
Қалалық мәдениет үйінде өткен жиын қорытындысында 15 ерікті «Жыл еріктісі» атағын алды. Ең белсенді ерікті Евгения Хабарова аталса, ең белсенді еріктілер клубы болып «Клуб добряков» деп танылды.
Жастар орталағының мәліметінше, бұл күндері өңірде 5-мыңдай ерікті бар.
Фарида Бықай
«Егемен Қазақстан»
Павлодар