Үкіметте қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
07.12.2017 2517

Отырыс барысында Ұлттық комиссияның алдыңғы отырысының қорытындысы бойынша құрылған, төрт арнайы жұмыс тобының құрамы мен жұмыстарының жоспары талқыланып, бекітілді. Атап айтқанда, орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық және сараптамалық-техникалық жұмыс топтары құрылды, олар латын графикасын білім жүйесіне біртіндеп енгізудің ережелері мен әдістерін әзірлейді, тілдің терминдік қорын жүйелейді, сондай-ақ, латын графикасын АТ-технологияларға және ақпараттық кеңістікке бейімдеумен айналысады. Бұдан өзге, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы ғылыми-әдістемелік орталықты құру мүмкіндігі қарастырылды.

Ұлттық комиссия жұмысының бағыттары бойынша «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Құл-Мұхаммед, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР ПӘ Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Д.Мыңбай, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Мамыраев, мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек, Тіл білімі институтының тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі Н.Әміржанова, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Ж.Әлімхан, «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы» төрағасының кеңесшісі Е.Сайыров және т.б. сөз сөйледі.

Еске сала кетейік, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия биыл қараша айында құрылған Үкімет жанындағы сабағаттық-кеңесші орган.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен комиссия құрамына: төраға орынбасары – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Досаев, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ҚР Парламенті депутаттары, ЖОО өкілдері, танымал ғалымдар және қоғам қайраткерлері кірді.

Шаралар жоспарына сәйкес, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жоспарланған. Бірінші кезең 2018-2020 жылдарды, екінші кезең – 2021-2023 жылдарды, үшіншісі – 2024-2025 жылдарды қамтиды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.12.2017

Қостанайдың Жітіқара ауданында заманауи астық сақтау  қоймасы ашылды

14.12.2017

Ақмола облысында Біржан сал ауданы пайда болды

14.12.2017

Студенттер «ақылды үйде» тұрады

14.12.2017

Болашақ журналистер «Егемен Қазақстанда» қонақта болды

14.12.2017

Келіншектің баласы (баллада)

14.12.2017

Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы өтті

14.12.2017

Қостанай облысында шалғай ауылға су құбыры тартылды

14.12.2017

«Алаш жолы» атты кітап жарық көрді

14.12.2017

Қостанай облысында екі бірдей елді мекенге көгілдір отын келді

14.12.2017

Тәуелсіздікке тарту: Созақта жаңа 6 нысан пайдалануға берілді

14.12.2017

Сенат комитеті Кеден кодексінің жобасын қарады

14.12.2017

Халифа Алтайдың жары өмірден өтті

14.12.2017

Меморандум мақсатына жете алмады

14.12.2017

Тележурналист, майталман дубляжшы, режиссер Әсемғазы Қапанұлы қайтыс болды

14.12.2017

Валерий Карпин Павлодарға келді

14.12.2017

Ақтау халықаралық әуежайы 1 миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті

14.12.2017

Түпқараған ауданының ахуалы айтылды

14.12.2017

Марат бастамашы болған марафон

14.12.2017

«Қансонар» қанат жайып келеді

14.12.2017

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы талқыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Әділеттің ақ жолынан Трампша аттау

Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің ас­та­на­сы дегенді мойындап, АҚШ ел­шілігінің Тель-Авивтен сол қалаға кө­шірілетінін мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында ғана елші­лікті көшіруді кейінге қалдырған Трамп­тың бұл шешімі қандай да бір қы­сы­мның күштілігінен екені көрініп тұр.   

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Дарын мен қарым

Дарын – тағдырдың сыйы. Ұстай алсаң құстай ұшасың, ұстай алмасаң мұрттай ұшасың. Ұстай алғанның қарымы зор. Бағы биік. Затына қарай аты, еңбегіне қарай өнбегі телегей теңіз. Ұстай алмағанның ұсқыны кірмейді. Қадамы ілгері жүрмейді. Қанша жетектегенмен, қамқорлық көрсеткен кері кетіп, күндердің күнінде күлкіге айналып, көлденең «кермеге» ұрына береді. Мұны өмір сабағына көз жібергенде көріп-біліп отырмыз.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Абыздар мен Алыптар

Кезінде қазақ әдебиетінің классик ақсақалы Ғабит Мүсіреповтің «Социалистік Қазақстан» газетінде шыққан «Дәстүр және жаңашылдық» деген мақаласы жан сарайын өзі айтатын есрафіл самалындай желпіп, зиялы қауым мен жазушы жамағатқа кеңестік тымырсықтың көбесін сөккен сәуледей әсер етіп еді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Елуден кейінгі өмір

Қазіргі қоғамымызда қызықты өзгерістер жүріп жатыр. Соның бір­азы адам жасына да қатысты.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Билер соты

Ұлы Дала өркениеті тарихында Билер сотының құқықтық, саяси-әлеуметтік, тарихи-мәдени, рухани-дүниетанымдық, ұлттық-халықтық, философиялық құн­дылықтары айрықша. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу