Қазақстан • 07 Наурыз, 2026

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2026 жылғы 7 наурызда Қазақстанның екі қаласының тұрғындарын ауаның ластануының жоғары деңгейі туралы ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» болжамынша, 7 наурыз күні Атырау және Балқаш қалаларында ауа ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай жағдайда қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автожолдардың немесе басқа да ластану көздерінің маңында азырақ жүргені жөн. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары сырқаттары мен аллергиясы бар адамдар сыртқа шыққанда өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруге тиіс.

Соңғы жаңалықтар