Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2017

Маңғыстаулық меценаттар әлеуметтік жобаларға 43 млрд теңге жұмсаған

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Маңғыстауда тұңғыш рет «Туған жерге тағзым» атты меценаттар форумы өтті. 

Маңғыстаулық меценаттар әлеуметтік жобаларға 43 млрд теңге жұмсаған

Шараның мақсаты - кәсіпкерлер мен халық мүддесін ескеріп, олардың еңбек пен іскерлік әрекеттерінің белсенділігін арттыру арқылы әлеуметтік жобаларды іске асыру. «Туған жер» бағдарламасы аясында өңірдің дамуына үлес қосып, елдің тұрақты экономикалық кеңістігін қалыптастыру.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деген болатын. Сондықтан бұл форум «Туған жерге тағзым» деп аталады.  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған форумға облыс әкімі Ералы Тоғжанов бастаған мемлекеттік мекеме басшылары мен өз өңірінің өркендеуіне үлес қосып жүрген меценаттар қатысты.

Іс-шара барысында аудан әкімдері мен орынбасарлары форум қонақтарына әлеуметтік жобалар ұсынылған көрмемен таныстырды. Маңғыстау облысында «Туған жер»  жобасын іске асыру мен ілгерлету  процесіне кәсіпкерлер қауымы белсенді атсалысуда. Меценаттардың қаржылай қолдауымен ауылдар абаттандырылып, әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Тарихи ескерткіштер мен мәдени орындарды қалпына келтіруге бағытталған жобалар да бар.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы