Еңбек • Бүгін, 17:06

Еңбек кітапшасы кімдерге қажет? Министрлік түсіндірді

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда еңбек өтілін есепке алу жүйесі толықтай цифрлық форматқа көшіп келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қағаз түріндегі еңбек кітапшалары біртіндеп өз маңызын жоғалтып жатыр. Дегенмен, кейбір азаматтар үшін олар әлі де қажет болуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр Бахтияр Жазықпаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек кітапшасы кімдерге қажет? Министрлік түсіндірді

Министрлік өкілінің сөзінше, қазіргі еңбек нарығына алғаш келген қызметкерлердің деректері бірден электронды форматта тіркеледі. Соның негізінде еңбек өтілі сақталып, болашақта зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді рәсімдеуге мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда қызметкерлердің еңбек қызметі цифрлық жүйеде жүргізіледі. Осы арқылы еңбек өтілін растау және әлеуметтік қолдау шараларын рәсімдеу әлдеқайда жеңілдеді», деді Бахтияр Жазықпаев.

Зейнетақы төлемдерінен 20% ұсталынатыны рас па?

Оның айтуынша, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау кезінде негізгі деректердің басым бөлігі қазірдің өзінде цифрландырылған. Сондықтан қағаз құжаттарға деген қажеттілік азайып келеді.

Сонымен бірге, 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне қатысты кейбір деректер әлі де архивтерде сақталып отыр. Осы мәселені шешу үшін мемлекеттік органдар e-архив жүйесімен интеграция жүргізіп жатыр.

«Біз e-архив жүйесімен жұмыс істеп жатырмыз. Соның арқасында азаматтар зейнетақы тағайындау кезінде ескі еңбек кітапшаларындағы мәліметтерді өздері дәлелдеудің қажеті болмайды. Қажетті ақпарат архивтерден автоматты түрде алынады», деді ол.

Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады

Осылайша, елімізде еңбек өтілін есепке алу толық цифрлық жүйеге көшіп келеді. Ал қағаз еңбек кітапшалары тек өткен жылдардағы еңбек тәжірибесін растауға арналған қосымша құжат ретінде ғана сақталады.

Соңғы жаңалықтар