Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2017

Қазақстан Таяу Шығыстағы бейбіт процесін жаңғыртуға шақырды

42 реткөрсетілді

Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иерусалимнің құқықтық мәртебесі туралы кезектен тыс жиналысына қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында БҰҰ Бас хатшысының Таяу Шығыстағы Арнайы өкілі Николай Младеновтың брифингі тыңдалды. Қазақстанның БҰҰ-ның жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров еліміздің Таяу Шығыс дағдарысына қатысты ұстанымы анық және өзгеріссіз екендігін жеткізді. Қазақстан тараптар арасындағы келіссөздердің екі жақты пішімде алғышартсыз өткізілуін қолдайтындығын білдірді.

Палестиндік-израильдік реттеуге БҰҰ Бас Ассамблеясы және Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарлары, сондай-ақ Мадрид прициптері, Бейбітшіліктің Жол картасы, сонымен қатар 2002 жылғы Араб бейбіт бастамасы негізінде қолдау көрсету қажеттігі расталды. Қазақстан делегациясы «екі елге екі мемлекет» формуласына балама жоқ екендігін айтты. Қазақстан БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриштің - «Иерусалим мәртебесі палестина-израиль реттеуінің финалдық кезеңінде және БҰҰ қарарларының негізінде Палестина және Израиль халықтарының армандары мен алаңдаушылықтарын ескере отырып шешілуі тиіс» деген ұстанымына қолдау білдірді.

Қазақстан Палестина халқының 1967 жылғы шекараларда астанасы Шығыс Иерусалим болып табылатын Палестина мемлекетін құра алу құқығын толықтай қолдады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • Кеше

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • Кеше

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мейіргер Шархат

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Робот арқылы операция жасайды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар