10 Қараша, 2011

Елбасы қабылдады

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тас­мағамбетовті қабылдады. И.Тасмағамбетов Президентті елорданың 2011 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы­­­ның қорытындылары, алдағы уақытта қаладағы жаңа нысандарды пайдалануға беру, сондай-ақ Қа­­зақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғын мерекелеуге даярлық барысы туралы хабардар етті. Астана әкімі Мемлекет басшысына елорданың жы­лу маусымына толық дайындығы туралы баяндады.   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев пен Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамыт­беков­­ті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қа­зақстанның агроөнеркәсіп кешенінің 2011 жылға арналған қызметінің нәтижелері, жиын-терін нау­­қанының қорытындысы, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық фору­мы­на даярлық барысы туралы баяндалды.