10 Қараша, 2011

Достастықтағы достық қарым-қатынастар

415 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сенат Төрағасының Санкт-Петербургке жасаған сапарында жалғасын тапты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми кеше Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясы (ТМД ПАА) кеңесінің Санкт-Петербургтегі отырысына қатысты. Сондай-ақ Сенат Төрағасы сапар аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Осы сапарын қазақстандық пар­ламентшілер Жамбыл көше­сінің бойынан орын тепкен Жам­был Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етуден бастады. Түстен кейін Қайрат Мәми ЕурАзЭҚ ПАА жауапты хатшы­сы П.Зверевпен жүздесті. Жауап­ты хатшы Сенат Төрағасына Пар­ламентаралық Ассамблея жұмы­сын жан-жақты әңгімелеп берді. Ал Украина Жоғарғы Радасының Төрағасы В.Литвинмен болған кездесу барысында елдер ара­сын­да түсіністік пен сенім қалып­та­сып отырғандығы тілге тиек етілді. Әлемдік қаржы дағдарысы ба­рысында сауда айналымы бәсең­сігенімен, үстіміздегі жылы ол қайта жанданды. Қазіргі кезде Ас­тана мен Киев арасында пар­ла­ментаралық байланыстар да­мып, заң шығару тәжірибесімен ал­масу үлкен маңызға ие болып отыр. Екі ел парламентшілері ЕҚЫҰ ПА мен ТМД ПАА шең­бе­рінде екіжақты және көп­жақты форматта өзара ықпалдастықты дамытып келеді. Осы орайда Сенат Төрағасы әріп­­­­те­­сін Украи­на­ның 2013 жылы ЕҚЫҰ-ға төраға бо­лып сайла­нуы­мен құттықтай келіп, украиналық байқаушы­лар­дың Қазақстандағы сайлауларға объективті баға беруіне ризашы­лы­ғын жеткізді. Сонымен қатар Сенат Төр­аға­сы ­Қ.Мәмидің Тәжікстан Респуб­ликасы Оли Милли Маджилисінің Төрағасы М.Убай­дуллоевпен және Беларусь Республикасы Ұлттық жи­на­лысы Республика кеңесінің Төрағасы А.Рубиновпен кездесулері болып өтті. Оның бары­сын­да екіжақты қатынастарды тереңдету және парламентаралық байла­ныс­тарды одан әрі нығайту мәсел­е­лері жан-жақты әңгіме өзегіне айналды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.