Білім • 12 Желтоқсан, 2017

Әңгіме арқауы – адами әлеует

494 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қай қоғамның да алға қой­ған мақ­саты – адам әлеуетін жақ­сарту. Елбасының рухани жаңғыру жө­ніндегі мақа­ласындағы «Өмір сүру үшін өзге­ре білу керек» деген байламы көп жайды аңғартады. Осыған орай, Тәуелсіздік күні қарсаңында «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйыт­қы болуымен №78 мектеп-лицейде «Адами әлеует – елдің инно­вациялық дамуының басты факторы» тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық конференция өткен еді. 

Әңгіме арқауы – адами әлеует

Алқалы жиынды Ә.Марғұлан атын­дағы №40 орта мектептің директоры Ер­бол Іргебай жүр­гізіп, адами капитал туралы ой қозғады. Оқушылар мен ұс­таз­­­дарға Әлихан Бөкейхан туралы қойылым көрсетіліп, Алаш арысының өмір жолынан жан-жақты дерек берілді. Заң ғылымдарының докторы, Еу­разия ұлттық университетінің про­фес­соры Ж.Ибрагимов «Ин­но­вациялық дамуда­ғы азамат­тар­дың құқықтық әлеуетін жаң­­­­ғыр­ту» атты баян­дама жасап, жұрт­шылықтың түрлі сұ­рақтарына жауап берді. Сол секілді №14 мектеп-гимна­зияның директоры О.Надеин білім ме­ке­ме­леріндегі толеранттық туралы мағ­лұмат берсе, «National Geograpһic Қазақ­стан» журна­лының жауапты редакторы М.Ясыл­байұлы адам мен табиғат­тың ара­сындағы байланыс жайлы де­ректерді слайд арқылы көрсетіп, бір кездердегі Арал тағдырын мы­салға келтіріп, ендігі жерде Балқаш көлін қалыбында сақтап қалу мәселесін осы кезден бастап қол­ға алу туралы өз тұжырымын ал­ға тартты.

Пленарлық отырыстан кейін жина­лыс­қа келгендер үш секцияда жұмыс істеп, еліміздің киелі жерлері, қазақ мәде­ниеті, асқақ Астана туралы ой бөліс­ті. Қорытындысында, «Астана дарыны» орталығының директоры  М.Құрманбаева конференцияға қатысқан азаматтарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта Пре­зи­денттің рухани жаңғыру ж­ө­ніндегі мақаласының әр тармағы бойынша осындай жиындар өт­кізіп, онда айтылған идея­ны жас­тардың санасына сіңіріп, оларды отаншылдық рухта тәрбиелеу мәселесін жалғастыра беретінін, әсіресе, дарынды жастардың бойындағы ерекше талантты ашу шешімін табатынын тілге тиек етті.

Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан