Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2017

Астаналық құтқарушылар тұрғындарға пеш пен түтіндіктерді жөндеу керектігін ескертеді

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астаналық құтқарушылар «Пешпен жылытудың қауіптілігі – улы газбен улану» республикалық акциясы аясында «Железнодорожный» тұрғын алабындағы жеке сектор тұрғындарына пеш құралдары мен түтіндіктерді тазалау қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астаналық құтқарушылар тұрғындарға пеш пен түтіндіктерді жөндеу керектігін ескертеді

Акция кезінде 14 үйде түтіндіктер тазартылып, азаматтарға пеш құрылғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді,толық ұсыныстары бар жадынамалар таратылды.

Құтқарушылар өрттің алдын алу және өрт кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақат алуын болдырмау мақсатында жеке тұрғын секторындағы тұрғындармен кездеседі.

Күн сайын аула аралау кезінде азаматтарға улы газдан қаза табуы мен улануының барлық оқиғалары айтылып, ауданда болған өрттердің статистикасы оқылады, қызметкерлер ақауы бар пеш құрылғыларында жасырынған қауіптің мәнін түсіндіруге тырысады.

«Төтенше жағдайлар басқармасы жеке тұрғын үйлердің иелеріне пеш құрылғыларын тазалау мен жөндеу жұмыстарын уақытылы өткізу қажеттігін ескертеді», - делінген Алматы аудандық ТЖБ таратқан хабарламада.