ОТАНДЫҚ ӨЗ ВАГОНЫМЫЗ БАР
Қазақстан халқы биыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын кеңінен атап өтуде. Осы датаға орай Президентіміз Н.Назарбаев мерейтойымыздың басты ұранын белгілеп берді. Ол «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» деп аталып, жер-жерлерде кең ауқымды шаралар жүргізілді. Ел шежіресіндегі айтулы белеске «ЗИКСТО» АҚ-тың жұмысшы-қызметкерлері де толымды табыстармен келіп отыр. Кәсіпорын экономикасының одан әрі жаңғыртылуы, инвестициялық жобалардың қаржыландырылуы зор қарқынмен жүргізіліп, отандық өнімдермен ішкі сұранысты қамтамасыз етуге баса назар аударылды. Экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту бағытында нақты бәсекеге қабілетті өнімдер мен тауарлар шығару тәжірибесі қалыптасты. Қазір сөздің емес, істің уақыты. Жеделдетілген экономикалық жаңартуларға сүйенбейінше үдемелі инновациялық-индустрияландыру бағдарламасын сәтті жалғастыру мүмкін еместігіне Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында көзімізді тағы айқын жеткізді. Тың міндеттер, биік межелер ауыр өнеркәсіп саласын ұлғайтуға қозғау салды. Ұжымда 1500-ге жуық адам еңбек етеді. Кәсіпорынның тарихы өткен ғасырдан бастау алады. Оның іргетасы Мәскеу қаласында қаланған. 1941 жылы ел басына ауыр күн туған кезеңде одақтық зор маңызы бар зауыт тоғыз жолдың торабында орналасқан Петропавл қаласына көшірілген. Кеңес Одағы ыдырап, егемендік алғанға дейін Куйбышев атындағы машина жасау зауыты қорғаныс-өнеркәсіптік кешеннің жетекші кәсіпорындарының бірінен саналған. Өтпелі кезең зауыттың өндірісін қайта жаңғыртудың, материалдық-техникалық базасын жақсартудың алғышарттарын қалыптастырып, тәжірибе-сынақтардың сәтті қорытындысы іспеттес болды. Барлық үлгідегі жүк вагондарын жөндеу түрлері игеріліп болғаннан кейін осы заманғы құрал-жабдықтар қойылған темір жол доңғалақтары жұбын жөндеу цехы іске қосылды. Ал, 2007 жыл өз жаңалықтарын ала келді. Зауыттың толыққанды вагон құрылысы өндірісін нақты жолға қою жөніндегі қарымды қадамдары осы кезеңнен басталады. 2008 жылдың 16 желтоқсаны – Тәуелсіздік мерекесі күні ТМД және Балтық елдерінің темір жол көлігі кеңесінің вагон шаруашылығы мамандарының комиссиясы зауытқа жартылай вагондар шығаруға рұқсат беру туралы шешім қабылдады. Осы күнді қазақстандық вагон жасаудың бастауы десек, әбден жарасады. Сөйтіп, екі жыл бойы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жұмыс істеп, индустрияландыру картасы бойынша екі жоба үлгілері әзірленді. Оның бірі астық тасуға лайықталған жабық вагон-хоппер болса, екіншісі контейнер тасығыш арнайы платформа еді. Вагонның бұл түрлері ТМД және Балтық елдері темір жол әкімшілігінің ақпараттық есептеу орталығының тізіміне енгізілді. Ірі контейнерлер тасымалдайтын 13-9852 үлгідегі вагон-платформаның және астық тасуға арналған 19-9871 жабық вагон-хоппердің техникалық құжаттамалары түзілді. Бұл жұмыстарға мемлекет тарапынан айрықша қолдау көрсетіліп, арнайы бағдарламалар шеңберінде атқарылды. Ауқымды жобаларды жүзеге асыру тасымал жұмыстарын контейнерлендіруге барынша ықпал етіп, Президенттің индустриялық-инновациялық даму саясатымен үндестік тапты. Алдағы міндеттер тіпті ауқымды. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеуге көшіп, озық технологияларды кеңінен пайдаланады. Былтыр 4,5 миллиард теңгенің өнімдері шығарылса, биыл тапсырыстар қоржыны 8 миллиард теңгені құрап отыр. Экспортқа бағдарланған жаңа рынокқа ұмтылысымыз да жеміссіз емес. Бүгінде инновациялық өндірістің көш басынан көрініп келе жатқан кәсіпорын жүк вагондарының контейнерлер, астық, цемент таситын 4 түрін әзірлеп, Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 1000-шы вагонды құрастыруды межелеп отыр. _______________________ Дайындаған «Егемен Қазақстан» газетінің Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Өмір ЕСҚАЛИ.Жамбылдық онкологтар пациенттен салмағы 6 келі ісікті сәтті алып тастады
Денсаулық • Бүгін, 02:53
Әбиба Әбужақынова Олимпиада жүлдесін алмай, спортпен қоштаспайтынын мәлімдеді
Спорт • Бүгін, 02:26
Қамшыбек Қоңқабаев испаниялық қарсыласынан жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 01:25
Париж-2024: Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 00:45
Алдағы үш күн бойы қатты ыстық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше