Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2017

Меморандум мақсатына жете алмады

343 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен сәуір айында Ақтөбе облыстық әкімдігі, фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту қауымдастығы сонымен бірге медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті арасында дәрі-дәрмектің 106 түрінің бағасын өсірмеу жөніндегі үш жақты меморандумге қол қойған болатын.

Меморандум мақсатына жете алмады

Алайда дәл қазіргі күні өңірдегі меморандум аясына кіретін дәріханаларда аталған келісім талатары сақталмай келгені белгілі болып отыр. Бұған дейінгі жүргізілген тексерулер кезінде баға меморандумде көрсетілген мқшлерден, яғни осында қойылған төменгі шектік бағадан 5-200 теңгеге дейін жоғары екені анықталған. Мұндай көрініс мүделі ұйымдар тарапынан меморандумде көрсетілген талаптар мен баға көрсеткіштерін қадағалау деңгейі төмен әрі жеткіліксіз болып келгенін көрсетсе керек. Сондай-ақ бұл істе жұртшылық пен мәслихат депутаттары да белсенділік таныта қоймаған сыңайлы. Аталған жәйттің өзекті екені анық. Сондықтан да келісімнің аяқсыз қалуына байланысты мәселе облыс әкімдігінде дәрілік заттар бағасын өсірмеуге қатысты арнайы жиынның өткізілуіне түрткі болғанын айта кеткіміз келеді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, өңір тұрғындары дәріханада ең қажетті делінетін дәрілік заттардың жетпейтіні жөнінде шағымдар жасаған. Тіпті өзгесін айтпағанда оксалин майы секілді кең тараған дәрілік затты да дәріханалардан тауып, сатып алу қиындық келтіріпті. Әйтсе де кейіннен анықталғандай аталған дәрілік заттың тапшылығы тұмаудың пайда болып, етек алуымен байланысты болыпты. Түптей келенде бұл көріністің өзі дәрі-дәрмек бизнесінің басы-қасында жүргендер мен дәріхана иелерінің болуы мүмкін оқиғаның алдын алуға ертерек қам-қарекет жасамағанын аңғартып тұрғандай.

Сөз соңында өңірде өкілетті ұйымдар мен жұртшылық тарапынан дәрі-дәрмек бағасын бақылау мен қадағалау жұмыстары қайта жаңғырады, әрі қайта жанданады деп сенім артқымыз келеді. Өйткені оның негізсіз өспеуі әркімге де тиімді екені айтпаса да белгілі ғой. Біз бүгін тек тиісті келісім жасалған әрі соған сәйкес саны шектеулі дәріханаларда сатылатын дәрі түрлеріне қатысты ғана әңгіме қозғадық. Ал бұдан тыс дәріханалардағы баға жоғарыда аталғандәрі мен дәрілік заттырдың 106  түрінен өзгелерінің бағасы тіптен аспандап кетпесіне кім кепіл? Бұл сірә өзге бір арнайы тақырыптың еншісіне кірсе керек.

Темір Құсайын

"Егемен Қазақстан"