Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2017

Семей мен Зырянда қатты аязға байланысты сабақ тоқтатылды

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыста қыс қаһарына мінді.

Семей мен Зырянда қатты аязға байланысты сабақ тоқтатылды

Өткен аптада Өскеменнің мектептерінде бастауыш сыныптарда сабақ болмап еді. Бүгін Семей мен Зырян қалаларындағы мектептердің 1-4 сынып оқушыларына қатты аязға байланысты сабақ тоқтатылды.  

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен Семей қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, Зырян ауданында таңертең ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендесе, Семейде -29 градусты көрсетіпті.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»