БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі дауыстардың көпшілігімен Сирияға гуманитарлық жәрдем беру туралы 2165 Қауіпсіздік Кеңесі Резолюциясының мерзімін 1 жылға ұзартты. Аталған Резолюцияның Сирияның солтүстігі мен шығысындағы 3,5 миллион халқын гуманитарлық көмекпен қамтып отырғандығын ескере отырып, Қазақстан аталған құжатты дауыс беріп қолдады.
Қазақстан Сириядағы гуманитарлық жағдайдың жақсаруына бағышталған халықаралық қауымдастықтың барлық іс-шарасын қолдайды делінген Қазақстан делегациясының мәлімдемесінде.
Сирияға гуманитарлық көмек көрсетуде қолда бар мүмкіндіктер мен әдістердің, соның ішінде 2165 Резолюцияны да сақтап қалу маңыздылығы баса айтылды. Дегенмен, Қазақстан делегациясы БҰҰ-ның Гуманитарлық Басқармасынан мониторинг пен ашықтық механизмдерін жақсартуда барлық күш-жігерін салуды өтінді.
Сирия проблемасы гуманитарлық көмек беру арқылы ғана шешілу мүмкін емес екендігін айта отырып, өте ауыр шарттарда бітімгершілік құрып жатқан Женева платформасы мен Астана процесін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелері қолдауын Қазақстан делегациясы олардан өтінді. Қазақстан тарапы оқ атуды доғару режимін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.