Кино • 20 Желтоқсан, 2017

Қазақстан Мəскеуде «1 каналмен» бірлесіп телесериал түсірмек

31 app.timeкөрсетілді

ҚР Мәдениет министрлігі Мəскеуде «1 каналмен» бірлесіп телесериал түсірмек. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің фейсбук парақшасында хабарлады.

«Достарым, Мəскеуде «Бірінші каналмен» теледидар жəне кино индустриясын дамыту жолында ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойдық. Келіссөздер барысында қол жеткізген ынтымақтастықтың келешегі зор. Бағамдап көріңіздер. Біз бірлесіп екі телесериал түсіретін болдық: бірі – Ұлы Отан соғысы кезінде Алматыда жұмыс істеген Орталық бірлескен киностудия туралы болса, екіншісі – Астанаға айналған Целиноград тарихы жайында. Екі жобаны да қаржыландыру 50/50 болады, сериалдарды «Бірінші канал» эфирінде көрсетеміз (бұл - 190 елдегі 250 млн.көрермен), ал ең бастысы – тең құқықты жағдайда халықаралық прокатқа шығуымыз. Кинофестивальдер ауылы да жақындай түсетіні сөзсіз» деп жазады министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлының сөзінше, осыдан бұрын да Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы арқасында дүниеге келген жоба – «28 панфиловшылар» көрермен ықыласына бөленіп, Ресей Федерациясының үздік фильмі атанған.

«Біз нəтижеге жету үшін жұмыс істейміз. Осы жолы да əлемге кең таралған телеканалмен бірлесе атқаратын ірі жобаларымыздың сəтті болатынына сенімдімін. Біздің тарихымыз барша əлемге көрсетілетін болады, достарым», дейді А.Мұхамедиұлы.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар