Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2017

Қысқы маусым ашық: Астанада шаңғышылар жарысты

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарысқа балалар, жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер қатысты. Жарыс ережесіне сәйкес, әрбір қатысушының жас санатына лайық оларға 2-ден 10 км дейінгі арақашықтықты сақтауды белгілеп берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Қысқы маусым ашық: Астанада шаңғышылар жарысты

2006 жылғы балалар арасында жүлделі орынды Станислав Кучанов, Абылай Қабдуахит, Джан Ходар жеңіп алды, 2004-2005 жылы туылғандар арасында Илья Шерстнев, Егор Кадыров, Георгий Клеванов, Виктория Нечкина, Дария Рева, Полина Маничева, 2002-2003 жылы туылғандардан Рамиль Шамсутдинов, Дмитрий Смаликов, Денис Шуляк, Лилия Гетман, Ангелина Лазутина, Виктория Нечкина жеңімпаз атанды. 2000-2001 жылы туылғандар арасында Иван Карабельников, Арина Шуляк, Валерия Бандаренко, Мария Дедова иеленді. 

Ал 1997-1999 жылы туған юниорлар арасында Әлім Абдуллин, Дархан Жұмаев, Андрей Герасимов, Сергей Прохоров және Алексей Шерстнев жеңімпаз болды.

Жеңімпаздар грамотамен, сыйлықтармен марапатталды. 

Іс-шараны астаналық ведомстволар: қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, сондай-ақ №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының атынан «Астана орманы» ЖШС ұйымдастырды.