Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2017

Белгілі журналист Рахат Мамырбек өмірден өтті

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азаттықтың Қазақ редакциясы Алматы бюросының веб-редакторы, журналист Рахат Мамырбек қайтыс болды. 

Белгілі журналист Рахат Мамырбек өмірден өтті

www.azattyq.org

Азаттықтың хабарлауынша, журналист 11 желтоқсан күні денсаулығы кенеттен нашарлап, ауруханаға түскен және бүгін таңертең Алматы ауруханасында көз жұмған. 

Рахат Мамырбек 1978 жылы 10 ақпанда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Аягөз ауданы Тарбағатай ауылында туған. Алматы мемлекеттік университетінің философия және саясаттану факультетін бітірген. Журналистикадағы қызметін 2001 жылы «Қазақстан» ұлттық телеарнасында, «Мезгіл» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының редакторы болып бастаған. Кейінірек, әр жылдары КТК, 31 арна және «Алматы» телеарналарында жұмыс істеген. «Қазақстан» телеарнасында жергілікті телеаудиторияға кең танылған "Күлтөбе" телехабарының авторы әрі модераторы болған. 2010 жылдан бері «Азаттық» радиосының Алматы бюросында веб-редактор болып қызмет атқарған.