Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2017

Вице-министрлер ауыл шаруашылығының карталары туралы кең әңгімелеп берді

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы «Есіл» қонақ үйінің мәжіліс залында Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасарлары Нұржан Әлтаев пен Руслан Құрманов аграрлық сала тақырыбында қалам тербейтін журналистермен семинар өткізді.

Вице-министрлер ауыл шаруашылығының карталары туралы кең әңгімелеп берді

Вице-министрлердің айтуынша, еліміздің ауыл шаруашылығы саласы мемлекет басшылығының ерекше назарында тұр. Осыған сай саланы дамыту бағытында соңғы кездері бірнеше құжаттар қабылданды. Соның бірі – Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту карталары. Өкінішке орай, журналистердің бірқатары бұл карталардың мәні мен маңызын, жалпы ауыл шаруашылығы саласында жүріп жатқан өзгерістерді толық түсініп болмаған секілді. Себебі, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқан кейбір хабарлар мен мақалаларда қате түсініктер де кездесіп қалады.

Сондықтан семинардың басты мақсаты журналистерге кең көлемді ақпарат бере отырып, жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұстанымын түсіндіру болып отыр.

Вице-министрлер ауыл шаруашылығының әрбір бағыты бойынша қабылданып отырған карталарда көтерілген мәселелер, салада қалыптасқан проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы әңгімеледі. Семинар журналистер сұрақтарына жауап беру және еркін пікір алмасу түрінде өрбіді. Семинарға Ауыл шаруашылығы министрлері өкілдерінің жақсы дайындықпен келгені аңғарылды. Вице-министрлер семинар барысында «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі көтерген мәселелермен келісе отырып, осы бойынша министрліктің қолға алып жатқан жұмыстарын жан-жақты баяндап берді. Өздерінің журналистермен мұндай семинарды одан әрі жалғастыруға, пікір алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан»