ҚР Президентінің Өкімімен Бақытжан Еренсізұлы Найзабеков Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Анықтама: «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі – Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі, Мемлекет басшысына тікелей бағынышты арнайы мемлекеттік орган.