№ 2 түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы
2017 жылғы 26 қыркүйекте Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) № 2 түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хат ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 15 желтоқсан
№116-VI ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы
2005 жылғы 25 қарашада Мәскеуде жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісім: «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұза отырып, кедендік баждар, салықтар мен алымдар төленбей, Қазақстан Республикасының кеден аумағына бұрын әкелінген автокөлік құралдары Қазақстан Республикасына қайтарылған жағдайда, Қазақстан Республикасы өзін Келісімнің 13-бабы 1-тармағының ережесімен байланысты деп есептемейді.» деген ескертпемен ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 15 желтоқсан
№ 117-VI ҚРЗ