Театр • 22 Желтоқсан, 2017

Драматургия туралы қызықты деректер

1127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Драматургия туралы қызықты деректер

30 секунд

Әлемдегі ең қысқа пьеса ирландиялық драматург, Нобель сыйлығының лауреаты Сэмюэл Беккеттің қаламына тиесілі («Дем», 1969). «Дем» пьесасы Кеннет Тайнанның «О, Калькутта» атты театр шоуына арнап жазылған болатын. Дүние есігін енді ашқан сәбидің алғашқы демі мен өмірмен қоштасқан қарттың соңғы демінен тұратын пьесаның ұзақтығы 30 секунд қана. 

26 сағат 30 минут

Бри­та­­ни­я­­­лық дра­ма­ту­рг Джон Ар­­ден­нің «Конно­ли­дің дамылсыз шоуы» пьесасы 1975 жылы Дублинде сахналанған. Пьесасының ұзақтығы 26 сағат 30 минут. Джон Арденнің шығармашылық ғұмырында жаңа кезеңнің басы болып есептелетін бұл пьесасы ағылшын драматургиясындағы саяси-әлеуметтік драманың негізін қалаған. 

Репертуарда – 49 жыл

Агати Кристидің «Тұзақ» қойы­лымы 1952 жылы 25 қарашада алғаш рет қойылып, 2001 жылдың 23 сәуіріне дейін репертуардан түспеген. Лондондағы қасиетті Мартин театрында 126 рет сахналанған пьесаны 49 жылда 10 миллионнан астам көрермен тамашалап, 33,3 миллион доллар табыс әкеліпті. 

Соңғы жаңалықтар