12 Қараша, 2011

Жас журналистер форумы

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Академик М. Қозыбаев атындағы университетте «Тәуелсіз­дік­тің 20 жылдығы жас журналистер қаламында» атты республи­ка­лық жас журналистер форумы өтті. Оны Білім және ғылым министрлігі, Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы, «Жаса» креативті шешімдер орталығы» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды. Жас қалам иелерінің басын то­ғыстырған жиында әріптестік бай­­ланысты нығайту, өзекті мәсе­ле­лерді айырып жазу, шығарма­шы­лық белсенділікті арттыру, өзекті пробле­ма­ларды көре білу жай­ла­ры жан-жақты талқыланды. Алқа­лы басқосуда об­лыс әкімінің ор­ынбасары Фархад Қу­анғанов сөй­леп, шараның маңыз­ды­лы­ғын атап өтті. Өңірде атқарылып жат­қан жұмыстармен таныстырды. «Қызылжар-ақпарат» КМК ди­рек­торы-бас редакторы Кәрібай Мұсыр­ман 10 мың данамен та­рай­тын облыс­тық «Солтүстік Қа­зақстан» газетінің тәжірибесіне сүйене отырып, БАҚ қызмет­кер­ле­рі алдында тұрған міндеттерге тоқталды. Университеттің жур­налистика бөлімі жас маман­дар­ды дайындайтын тәрбие ошағына ай­налып отырғанын тілге тиек етті. «Алаш» журналы мен «Болашақ» га­зетінің бас редакторы Дәурен Баба­мұ­ратов төртінші билік өкіл­дері мен қоғам арасындағы са­бақ­тастыққа баса назар аударса, Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университеті журналистика фа­куль­тетінің аға оқыту­шы­сы, ұлт­тық журналистік зерттеу орта­лы­ғының жетекшісі Дәурен Смайыл өз ойын шеберлікті жетілдіру тұр­ғысынан өрбітті. Одан әрі дөң­ге­лек үстел ұйымдастырылып, еркін тақырыпта пікірлер алмасылды. Форумда алты аталым бойын­ша жас журналистердің үздік шы­ғар­ма­лары марапатталды. «Жаса» креа­тив­ті шешімдер орталығы» қорының алғыс хаттары табыс етілді. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.