Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2017

Ұлттық арна ұсынады

902 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Жаңа жылға дайындаған бағдарламаларының таныстырылымы өтті. Мереке қарсаңындағы апта мәңгілік махаббат жайлы аңыз негізінде түсірілген «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» атты 6 бөлімді көркем телехикаяның тұсаукесерінен басталады.

Ұлттық арна ұсынады

«25-29 желтоқсан аралығында күнделікті сағат 21.45-те Ұлттық арна көрермендері қазақ мәдениеті мен өнерінің ұлы мұрасының экранизациясын тамашалай алады. Телехикаяның бас продюсері – Баян Мақсатқызы. Сценарий авторы – Әннес Бағдат. Басты рөлдерді Гүлзада Тұрлаш, Ержан Мұқатаев, Бақтияр Қожа, Жақсыбек Құрманбеков пен Марат Абай-Ділдә сынды актерлер сомдады. Сенбі күні, 30 желтоқсанда, сағат 20.00-де, бірнеше ай бойы көрермендерге кәсіпкерліктің қыр-сырын ашып, бизнестің оңтайлы жолын көрсеткен «Үміткер» реалити-шоуының ақтық шығарылымы өтеді. Сондай-ақ, жаңа жылдық жобалардың арасында «Әзіл әлемі», «Тамаша» әзіл театрының 90-шы жылдары түсірілген ең үздік топтамалары, еліміздің танымал вайнерлері, видеоблогерлері мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтетін арнайы «ХА-ХА шоу: Жаңа Жыл 2018» жобасы көрерменге жол тартады, деді «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин.

Сонымен қатар спикер мереке күндері «Мен қазақпын» халықаралық мегажобасының гала-концертінің қайталауы мен мерекелік концерттерді тамашалай алатынын жеткізді.

«31 желтоқсан сағат 22.30-да танымал  шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен жаңа жылдық сиқырға толы «Сыңғырлаған сиқырлар» мерекелік шоу-бағдарламасы эфирге жол тартады.  Аталмыш жобаға, Кәмшат Жолдыбаева, Айгүл Иманбаева, Бүркіт, Әли Оқапов, Айқын Төлепбергенов, Кеш You, Қанат Үмбетов, Әлия Әбікен, Төреғали Төреәлі, Олжас Абай және «Qazaqstan» арнасының танымал жүргізушілері Жансерік Бейсеев, Айсұлу Рыспанова, Ирина Тен, Баян Бақкелдіқызы, Нартай Аралбайұлы қатысады. Ең кішкентай телекөрермендеріміз үшін 31 желтоқсан сағат 12.35-те әйгілі  «Walt Disney» кинокомпаниясының  қазақ тілінде дубляждалған «Рапунцель» мультфильмі көрсетілетін болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51