Әдебиет • 25 Желтоқсан, 2017

Семейде «Сәйгүлік сауырындағы жыр» атты шығармашылық кеш өтті

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда Семейдің Абай театрында «Сәйгүлік сауырындағы жыр» атты шығармашылық кеш жергілікті жұрттың рухын бір көтеріп тастады. Өңір руханиятына өзіндік үлес қосып келе жатқан белгілі ақын, білікті журналист Қайрат Сабырбаев поэзиясы мен өлеңдеріне жазылған әндер тыңдарманын баурады.

Семейде «Сәйгүлік сауырындағы жыр» атты шығармашылық кеш өтті

Қоңыр кеште «Дариға-ай» жастар театры ақынның айтулы өлеңдерінен 3 бөлімді поэзиялық композиция қойды. Әйгілі ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Болат Жүнісбеков «Дүлдүлдер дүбірі» кітабының тұсауын кесіп, кеш авторының кеудесіне «Абай» медалін тақты.  Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармония әншілері мен «Кербез» фольклорлық ансамблі арнайы өнер көрсетті. Қазақтың әйгілі әншісі Баян Сағынбаева мен Берік Омаров бастаған Еркебұлан Мұсаев, Зинура Абдолдина сынды өнер иелері ақын сөзіне жазылған әндерді шырқады. Жергілікті композитор Мәлік Еңсебаев жетекшілік ететін әскери оркестр өнерпаздары үш дауыста әуелеткен әндер де әдемі шықты. Қазақтың майталман гитарисі, әнші, актер Қадырғали Көбентаевтың қоңыр дауысы ортаны тіптен ажарландыра түсті.

Мәдениет және спорт министрлігінің бағдарламасы бойынша 5000 данамен жарық көрген кітаптың республика аумағына тарайтындығы атқұмар ақынды арқаландыра түскен. Сол қуанышын жырсүйер қауыммен бөлісуге асық болған Қайрат Зекенұлының баспасөз саласына ұзақ жыл еңбек еткенін айта кеткен абзал.

Мұратбек КЕНЕМОЛДИН

СЕМЕЙ

Соңғы жаңалықтар