Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2017

Алматыда «Туған жер тынысы» атты студенттердің сурет көрмесі өтті

976 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Туған жер тынысы» атты шығармашылық  көрмесін  өткізді.

Алматыда «Туған жер тынысы» атты студенттердің сурет көрмесі өтті

Көрменің ашылу салтанатында ҚР МОМ директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртон, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмақын Қайрамбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің деканы, профессор Бауыржан Байділда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кескіндеме, мүсін кафедрасының меңгерушісі, профессор Болат Тұрғымбай, Мақсат Әлиев, көрменің қатысушысы Елена Шарапова сөз алып, көрменің ашылуымен құттықтады.

күнделікті жұмысында өз көрермендерін еліміздің өнер әлеміне қосылған жаңа буын өкілдерімен таныстыру арқылы талантты жастардың шығармашылығын қолдап, қазіргі кезеңдегі ұлттық өнер жетістіктерін насихаттауға үлес қосып келе жатқан музейдегі бұл көрмеде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы станоктық кескіндеме шеберханасының жетекшісі, профессор Жұмақын Қайрамбаевтың шәкірттері Елена Шарапова, Марина Коркут, Назерке Ілиясова, Наргиз Мұхаметқалина, Шахиза Қуанышбекова, Жанат Сейтхамзаұлы сынды суретшілердің бейнелеу өнерінің пейзаж, натюморт, графика жанрында орындалған қылқалам туындылары, сонымен қатар сәндік-қолданбалы өнер нұсқалары, текстиль - қазіргі киім үлгілері  ұсынылды. 

Жұртшылықтың үлкен қызығушылығын оятқан «Туған жер тынысы» атты аталмыш көрмеге сондай-ақ, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, өнертанушылар, археологтар, шығыстанушылар, фотосуретшілер, суретшілер мен басқа да ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері көптеп келді.  

Көрме 2018 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады.

Мира БАЙБЕК,

«Егемен Қазақстан»  

АЛМАТЫ