Экология • 26 Сәуір, 2024

Алматы облысында 340 мыңнан астам оқушы ағаш отырғызды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақындар мен батырлар елі – Жамбыл ауданы тұрғындарымен кездескен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Өз ағашыңды өсір» атты игі шараға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында 340 мыңнан астам оқушы ағаш отырғызды

Суретте: «Өз ағашыңды өсір» акциясы аясында атқарылған жұмыстар

Сапар барысында аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралаған өңір басшысы Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп-лицейге арнайы атбасын бұрып, мектеп оқушыларымен бірге ағаш көшеттерін отырғызып, көпке үлгі болды.

«Бүгін «Жасыл аймақ» бағыты бойынша мектеп оқушылары мен ұжымдарының бастамасымен өңірімізде «Өз ағашыңды өсір» атты тұқымнан ағашты отырғызу акциясы ұйымдастырылып отыр. Оған білім ордаларындағы 340 мыңнан астам оқушының бір кісідей қатысуы оның жалпы бұқаралық сипатын көрсетіп отыр. Осы арқылы біз Президентіміздің орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу бойынша тапсырмасын орындауға өз үлесімізді қосып отырмыз. Бұл акцияның тәрбиелік мәні өте жоғары. Атқарылған жұмыстар туып-өскен жерімізді, өз өлкемізді көгалдандырумен қатар, жасыл желекке орауға мүмкіндік береді. Бұған қоса мұндай игі іс-шаралар біздің ауызбіршілігімізді айқындап, елдігімізді көрсетері анық. Ендеше, бұл іске атсалысқан жерлестеріміз бен бүлдіршіндерімізге алғысымды білдіремін», деді Марат Елеусізұлы.

4

Осы күні облыс орталығы – Қонаев қаласында «Жасыл аймақ» акциясы аясында 14 мектептен 13000 оқушы бір мезетте ағаш тұқымын егу рәсіміне белсенді түрде қатысқанын айта кету артық етпес.

Жалпы «Жасыл аймақ» апталығында қала бойынша 1 500 түп жасыл желек отырғызу жоспарланған.

 

Алматы облысы